Бухгалтер кірісін қалай арттыруға болады

Мақалада бухгалтердің табысын өсіріп, қызмет құны мен сапасының теңгерімін сақтауға көмектесетін 9 нақты тәсілді қарастырдық.
Как бухгалтеру увеличить свой доход

Жарияланған күні: 16 желтоқсан 2024

Небәрі бухгалтерлердің 22%-ы өз жалақысына қанағаттанған. Қалған 78%-ы көбірек табыс тапқысы келеді. 2023 жылы бухгалтерия және қаржы саласындағы мамандарға сұраныс 69%-ға өсті. Осындай сұранысқа қарамастан, неге көптеген бухгалтерлер өз табысына риза емес? Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады? Біз қызметіңіздің құнын дұрыс бағалап, кірісті қалай арттыруға болатынын айтамыз.

Неге бухгалтерлер жалақысына риза емес

Бухгалтерлер табысының күткен деңгейден төмен қалуының екі негізгі себебі бар:

  1. Нарықтағы қызмет құнын білмеу. Көптеген мамандар қазіргі нарықтағы ақы төлеу деңгейін бағдарлай алмай, өз қызметіне тым төмен баға ұсынады.
  2. Өз құзыреттерін объективті бағалай алмау. Көбіне кәсібилігіне күмәнмен қатар жүреді: «Менің біліктілігім жеткілікті ме?», «Мен қойған бағаға күмән келтіре ме?», «Жалақыны көтеруді негіздеп бере аламын ба?».

Бұл факторлар штаттағы мамандарға да, фриланс-бухгалтерлерге де тән. Нәтижесінде жұмыс беруші мен клиенттер өздеріне қажет жұмыс көлеміне бағаны өздері қояды, ал бухгалтерлер тапсырыстан айырылып қаламын деп, соған келіседі. Мұны болдырмау үшін дағдыларыңызды сеніммен бағалап, нарықтағы баға қалыптасуын жақсы түсіну маңызды.

Бухгалтерлік қызметтің құны неден құралады

Бухгалтерлік қызмет бағасы бірнеше негізгі факторға тәуелді:

  • Жұмыс форматы. Ресми еңбек қатынастары әдетте тұрақтырақ табыс береді. Фриланс бірнеше клиентпен қатар жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ жаңа тапсырыс берушілерді үнемі іздеуді талап етеді, бұл қосымша тәуекелдерді туғызады.
  • Клиенттің қызмет саласы. Салаларға қарай бухгалтерлік есептің тәсілі өзгереді, бұл еңбек шығынына әсер етеді.
  • Қызметтің тұрақтылығы. Бір реттік тапсырмалар (мысалы, жылдық есепті тапсыру) тұрақты жұмысқа (ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы) қарағанда өзгеше бағаланады.
  • Салық салу тәртібі. Жеңілдетілген режим жалпы режимге қарағанда уақыт пен ресурс аз қажет етеді, бірақ кейбір жағдайларда ерекшеліктер болуы мүмкін.
  • Операциялар көлемі. Транзакциялар неғұрлым көп болса, қызмет құны соғұрлым жоғары болады.
  • Халықаралық сауда. Импорт пен экспортпен жұмыс қосымша күрделілікті талап етеді және ақысы жоғарырақ болады.

Осы факторлар бухгалтерлік қызметтің өзіндік құнын есептеп, бәсекеге қабілетті баға тізімін қалыптастыруға көмектеседі.

Бухгалтер кірісті қалай арттыра алады: 9 тексерілген тәсіл

1. Жұмыс берушіден жалақыны көтеруді сұрау

Ең қарапайым жол :). Егер ресми түрде жұмыс істесеңіз, басшымен жалақыны көтеру немесе KPI бойынша бонустар қосу мүмкіндігін талқылаңыз. Мүмкіндікті арттыру үшін алдын ала дайындалыңыз:

  • өзіңіздің өңіріңізде ұқсас тәжірибе мен дағдысы бар бухгалтерлердің орташа жалақысын біліңіз;
  • компания үшін құныңызды айқындаңыз: қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз, қандай міндеттерді ерекше тиімді орындайсыз.

Әртүрлі сценарийге дайын болыңыз. Жұмыс беруші ымыра ұсынса (мысалы, ішінара көтеру немесе қосымша жеңілдіктер), барлық «пайдасы» мен «қатерін» таразылаңыз. Егер басшы уәждеріңізбен келіспесе, басқа нұсқаларға көшіңіз.

2. Жұмыс орнын ауыстыру

Қазіргі жұмыс берушіңіз көбірек төлеуге дайын болмаса, жұмыс ауыстыруды қарастырыңыз. Бұл әсіресе жалақыңыз нарық деңгейіне сай келмесе өзекті.

Өз салаңыздағы вакансияларды талдаудан бастаңыз: қазіргі жалақыңыз қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін бағалаңыз. Резюмеңізді жаңартыңыз, талаптарды зерделеңіз және қызықты ұсыныстарға жауап бере бастаңыз. Іздеу біраз уақыт алуы мүмкін, бірақ нәтижесі соған тұрады.

3. Фрилансқа көшу

Табысыңызды толық бақылағыңыз келсе, фрилансқа көшуді ойластырыңыз. Бұл жеке істі бастауға жақсы қадам. Көптеген шағын компаниялар бухгалтерлікті аутсорсингке береді — штаттағы қызметкер ұстағаннан тиімді.

Қызметтер тізімін жасаңыз, бәсекелі бағаларды бекітіңіз және өзіңіз туралы ақпаратты фриланс-платформаларда, әлеуметтік желілерде және кәсіби қауымдастықтарда жариялаңыз. Тұрақты табыс үшін клиенттермен ұзақмерзімді қатынас орнатуға ұмтылыңыз.

4. Қосымша жұмыс табу

Егер әзірге толықтай фрилансқа көшуге дайын болмасаңыз, негізгі жұмысты бір реттік тапсырмалармен қатар алып көріңіз. Бұл қосымша табыс табуға, клиент базасын жинауға және жеке практика Сізге қаншалықты сай келетінін бағалауға көмектеседі.

5. Қызмет бағаларын көтеру

Өзіне жұмыс істеп жүргендер үшін табысты арттырудың қарапайым жолдарының бірі — бағаларды қайта қарау. Бағаларыңызды ұқсас тәжірибесі бар бәсекелестермен салыстырыңыз. Қызметіңіз арзанырақ болса, бағаны батыл көтеріңіз.

Тіпті чегіңіз орташа деңгейде болса да, бағаны көтеру орынды болуы мүмкін: бұл сапаны шын бағалайтын клиенттерді тартуға көмектеседі.

6. Пассивті табыс көзін құру

Бұл жерде әріптестік бағдарламалар көмектеседі. Мысалы, банктермен, бағдарламалық жасақтама әзірлеушілерімен немесе кассалық жабдық өндірушілерімен әріптестік орнатыңыз. Клиент тартқаныңыз немесе өнім сатқанңыз үшін серіктестер сыйақы төлейді.

7. Консультация беру

Табысты арттырудың тағы бір жолы — ақылы консультациялар өткізу. Клиент тарту үшін сараптамалық деңгейіңізді көтеріңіз: семинарларға қатысыңыз, мақалалар жазыңыз, бейнематериалдар жариялаңыз. Біліктілігіңізді қаншалықты көбірек көрсетсеңіз, кеңес алуға соншалық ықыласпен жүгінеді.

8. Қызмет аясын кеңейту

Жаңа дағдыларды меңгеру сұранысы жоғары қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді. Қандай тапсырмалар үшін клиенттер нарықтан жоғары ақы төлеуге дайын екенін зерттеңіз, оқудан өтіңіз және кәсіпкерлерге қызметіңізді ұсыныңыз.

9. Оқыту және ақпараттық өнімдер жасау

Оқыту – беделді нығайтудың ғана емес, қосымша табыс көзінің де жолы. Пайдалы материалдар жасаңыз: вебинарлар, курстар, әдістемелік нұсқаулықтар. Бұл Сіздің сарапшы ретіндегі мәртебеңізді арттырып, табысыңыздың өсуіне көмектеседі.

Қорытынды

Бухгалтерия – тек есеп пен салықтан тұрмайды. Бұл – сараптамалық деңгейіңізді дамытуға, әртүрлі форматта жұмыс істеуге және жаңа бағыттарды игеруге мүмкіндік. Кірісті арттыру үшін маңыздысы:

  • қазіргі нарық жағдайын түсіну;
  • өз күшті жақтарыңызды анықтау;
  • қолда бар құралдарды пайдаланып, белсенді әрекет ету.

Енді қолыңызда оны іске асырудың 9 тексерілген тәсілі бар. Сәттілік тілейміз!

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау