Бизнес-процестерді оңтайландыру: ЖИ-ге тапсыруға болатын 5 міндет

Күнделікті міндеттерге кететін уақытты қысқартып, жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектесетін үздік ЖИ-құралдарды жинақтадық.
Оптимизация бизнес-процессов

Жарияланған күні: 13 желтоқсан 2024

ITFB Group пен hh.ru жүргізген сауалнамаға сәйкес, қызметкерлердің 40%-ына дейінгісі күнделікті процестерге жұмыс уақытының жартысына жуық — шамамен 4 сағат жұмсайды. Бұл — маңызды әрі стратегиялық міндеттерге арнауға болатын қомақты уақыт.

Мұндай жағдайда көмекке жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары келеді. Нейрожелілерге тапсыруға болатын рутин процестердің топ-5-ін жинадық.

1. Әлеуметтік желілерге контент жасау

ЖИ-құралдар мәтіннен бастап сурет пен бейнеге дейін түрлі форматта контент жасауға мүмкіндік береді. Қалай жұмыс істейді:

Мәтін

ЖИ арқылы мақалалар жазуға, оларды SEO-ға бейімдеуге, стильді түзетуге, дайын мәтіндерді қайта жазуға және тіпті орфографияны тексеруге болады. Танымал құралдар:

  • ChatGPT — мәтін генераторы, жарнамалық және ақпараттық материалдарды жазуды қоса алғанда, түрлі міндеттерге бейімделе алады;
  • YandexGPT — «Яндекс» өнімi, ойын-сауықтан бастап сараптамалық форматтарға дейін мәтін жасайды;
  • Writesonic — маркетингтік контент, мақалалар және жарнамалық мәтіндер жасауға арналған көмекші.

Суреттер

ЖИ мәтіннен иллюстрациялар генерациялайды, фотоларды өңдейді, фонды өшіреді не ауыстырады, кадрға нысандар қосады. Танымал сервистер:

  • Midjourney — мәтіндік сипаттамалар бойынша сурет жасайтын нейрожелі;
  • Renderforest — дизайн, логотип және бейне әзірлеуге арналған платформа;
  • FlairAI — брендтелген суреттер генераторы.

Бейне
ЖИ мәтіндік сұраулардан бейне жасауға, дыбыстау мен субтитрлерді автоматты генерациялауға, роликтерді монтаждауға көмектеседі. Құралдар мысалы:

  • Runway — ЖИ арқылы бейне мен дыбысты өңдейтін бейнемонтаж редакторы;
  • Descript — бейнемонтажға, дауыс пен субтитр генерациясына арналған нейрожелі;
  • Pictory — сценарий бойынша бейне жасау сервисі.

2. Деректерді талдау

Жасанды интеллект ауқымды ақпаратты өңдеуді жеңілдетеді:

  • бәсекелестер сайттарын талдайды,
  • есептеулер жүргізеді,
  • мұрағат деректерін зерттейді,
  • сауалнама мен зерттеу нәтижелерін өңдейді.

ChatGPT немесе YandexGPT секілді ЖИ-құралдарын пайдаланыңыз. Не істеу керек:

  1. Деректерді нейрожеліге жүктеңіз.
  2. Қай ақпаратты өңдеу керегін нақтылаңыз. Нәтижені қандай түрде алғыңыз келетінін сипаттаңыз.
  3. Қажет болса, сұрауды түзетіңіз.

Бұл тәсіл үлкен көлемді деректермен жұмысты жеделдетеді әрі қорытындыларға көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

3. Клиенттермен өзара әрекеттесуді жақсарту

Жасанды интеллект мыналарға көмектеседі:

  • Қарым-қатынасты автоматтандыру. ЖИ-боттар пайдаланушылар сұрақтарына жауап береді, базалық міндеттерді орындайды және күрделі сұрауларды менеджерлерге бағыттайды.
  • Маркетингтік стратегиялар жасау. Нейрожелілер клиенттердің мінез-құлқын талдайды, адалдық бағдарламаларын әзірлейді және аудиториямен байланыс нүктелерін анықтайды.
  • Клиент базасын өзектілету. ЖИ-жүйелер лидтерді жылдамырақ бағалап, санаттауға көмектесіп, алғашқы сұраудан менеджермен байланысқа дейінгі уақытты қысқартады.

Қолайлы құралдар:

  • ЖИ негізіндегі чат-боттар (ChatGPT, GigaChat, YandexGPT);
  • ЖИ-мен интеграцияланған немесе ЖИ-негізіндегі сервистері бар CRM-жүйелер (HubSpot CRM, Битрикс24, 1С шешімдері және т.б.).

4. Презентация жасау

Презентацияға арналған ЖИ-шешімдер дизайнер көмегінсіз материалдарды жылдам әрі креативті дайындауға мүмкіндік береді. Танымал сервистер:

  • Gamma — үлгілерді таңдау және слайдтарды безендіруге арналған ЖИ-құралы;
  • ChatBA — берілген тақырып бойынша презентациялар генерациялайтын нейрожелі;
  • Presentations.AI — мәтіндік немесе үлгілік енгізу арқылы презентациялар генераторы.

Осы платформалар арқылы қысқа уақыт ішінде кәсіби әрі бірегей презентациялар жасауға болады.

5. Жұмыс процестерін оңтайландыру

ЖИ тапсырмалардың ұйымдастырылуын жақсарту арқылы рутинаны азайтуға көмектеседі. Мысалдар:

  • миға шабуыл. ЖИ жаңа идеялар мен тосын тәсілдер ұсынады;
  • жоспарлау. Чат-боттар ағымдағы міндеттерді ескере отырып кесте жасайды;
  • шешім қабылдау. Нейрожелілер SWOT-талдау және өзге әдістер негізінде нұсқалар ұсынады.

Пайдалы сервистер:

  • Rationale — деректерге сүйенген шешімдерді талдау платформасы;
  • Taskade — тапсырмаларды басқару мен командалық жұмысқа арналған кешенді құрал;
  • ChatGPT, YandexGPT және GigaChat — диалог контекстін сақтайтын көмекшілер.

ЖИ-технологиялар жұмыс процестерін жүйелеуге көмектесіп, қажетсіз рутинаны азайтады.

Күнделікті міндеттерге арналған жасанды интеллект: түйін

ЖИ-ге тапсыруға болатын 5 бизнес-процесті қарастырдық. Бұл құралдар уақытты үнемдеп, шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер ашады.

Есте сақтаңыз: ЖИ — Сіздің көмекшіңіз. Оның нәтижелерін тексеру мен жетілдіру Сіздің жауапкершілігіңізде. ЖИ-мен тандемде өнімділікті арттырып, жоғары нәтижеге жете аласыз.

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау