Жұмыстағы сын: ескертулерді дұрыс қабылдап, мотивацияны қалай сақтау керек

Мақалада жұмыстағы сынның қандай болуы керектігін, сын-ескертуді күйзеліске салынбай қабылдауды және оны кәсіби әрі жеке даму үшін қолдануды, ескертулерге қалай жауап беріп, мотивацияны сақтауды талқылаймыз.
критика в работе

Жарияланған күні: 27 қаңтар 2025

Жұмыс барысындағы сын

Әр адам кәсіби қызметінде ерте ме, кеш пе сынға тап болады. Бұл — жұмыстың табиғи бөлігі, одан толықтай қашу мүмкін емес. Міндеттер қаншалықты сапалы орындалса да, кемшіліктерді көрсететін немесе балама шешім ұсынатындар табылады.

Сын түрлері: конструктивті және деструктивті

Конструктивті және деструктивті сынның айырмашылығын түсіну маңызды.

Конструктивті сын

Конструктивті ескертулер нәтиже жақсартуға, шешім іздеуге және кемшіліктерді жоюға бағытталады. Олар әрдайым дәлелдермен сүйемелденіп, әдепті түрде айтылады. Мысалдар:

1. «Жұмыс жақсы орындалған, бірақ жетілдіруге болатын шағын тұстар бар. Осы бөлімді сәл пысықтап көрейік».

Мұндай ескерту ілтипатты түрде берілген. Әңгімелесуші кемшіліктерді ғана көрсетіп қоймай, оларды түзету жолдарын да ұсынады. Бұл жағдайда құлақ асып, көмегі үшін алғыс айтқан дұрыс және түзетулер енгізу керек.

2. «Бұл нұсқа онша үйлеспейді. Мұндай мәселелерді бұрын да талқылағанбыз. Басқа қандай идеялар бар?».

Мұнда аздаған реніш сезілуі мүмкін, бірақ әңгімелесуші шешім табуға мүдделі екенін көрсетіп тұр. Бұрынғы тәжірибені еске алып, балама нұсқалар ұсыну маңызды.

Деструктивті сын

Деструктивті сын, керісінше, конструктивті ұсыныстарсыз айтылады. Ол негізсіз әрі субъективті болады. Мысалдар:

1. «Бұл мүлде қабылдауға болмайды! Сізді бұл жұмысқа кім жіберген өзі? Бәрін дереу басынан бастап қайта жасаңыз».

Мұндай ескерту нақтылықсыз және жігерді құм қылуға бағытталған. Үрейленудің орнына нақты қандай өзгерістер қажет екенін сабырмен анықтаған жөн.

2. «Сіздің пікіріңіз маған қызық емес. Айтқанымдай түзетіңіз».

Бұл — себеп-салдары түсіндірілмеген, негізсіз сынға мысал. Мұндай жағдайда нақтылау сұрақтарын қойып, әңгімені конструктив арнаға бұруға тырысу маңызды.

Жұмыстағы сын: ескертулерді дұрыс қабылдап, мотивацияны қалай сақтау керек

Сынға қалай жауап беру керек

Әркім ескертулерге әртүрлі реакция береді. Бірі қателіктерін сабырмен түзетсе, енді бірі абдырап, әрі қарай не істеуді білмей қалады. Сынды дұрыс қабылдау үшін бірнеше қағиданы ұстану маңызды.

Сынды сабырмен қабылдаңыз

Алғашқы қадам — кері байланысқа ашық болу. Ескертулерді кәсіби өсудің құралы ретінде қарастырған жөн, оны жеке басыңызға жасалған шабуыл деп қабылдамаңыз. Есіңізде болсын, сын — жұмысқа қатысты, тұлғаңызға емес.

Ескерту алған сәтте бірден ақталуға немесе ренжуге асықпаңыз. Оның орнына одан қандай пайдалы қорытынды шығаруға болатынын ойлаңыз. Мүмкін, дамытуды қажет ететін әлсіз тұстарыңызды көрсетіп тұрған болар немесе жұмысты тиімдірек әдіспен орындау жолын ұсынған болар.

Жағдайды объективті бағалаңыз. Егер ескертулер орынды болса, оны ескеріп, қателерді түзетіңіз. Егер сын әділетсіз көрінсе, оны әріптестермен немесе басшылықпен талқылап көріңіз.

Барлығын көндірмек болмаңыз

Әркімнің күткеніне сай болу мүмкін емес. Тіпті мойындалған сарапшылар да сынға ұшырайды. Әрдайым сізбен келіспейтін адамдар табылады. Егер бұл адамның пікірі сіз үшін маңызды болса, құлақ асып, түзетулер туралы ойланған жөн. Ал егер пікірі субъективті әрі дәлелсіз болса, оны өзгертуге тырысып әлек болудың қажеті жоқ.

Мотивацияны сақтаңыз

Жиі айтылатын сын өзіңізге деген сенімді әлсіретіп, жұмыстан бас тартқыңыз келуі мүмкін. Алайда қателік — үйрену үдерісінің ажырамас бөлігі екенін ұмытпаған дұрыс. Ескертулерді кәсіби біліксіздіктің белгісі ретінде қабылдамаңыз.

Күдіктенсеңіз, жағдайды әріптестермен немесе басшымен талқылаңыз. Ашық диалог мәселені басқа қырынан көруге және тиімді шешім табуға көмектеседі.

Өзіңізді дамытыңыз

Сын өзін-өзі жетілдіруге ықпалды құрал бола алады. Мына кеңестер пайдалы болады:

  • Жетістіктеріңізді өзіңізге тұрақты түрде еске салып отырыңыз.
  • Ұсақ жетістіктер үшін де өзіңізді мадақтаңыз.
  • Ескертулерді өсудің мүмкіндігі ретінде қабылдаңыз.
  • Сынды талдап, одан пайдалы сабақ шығарыңыз.
  • Жұмыс мәселелерін жеке қабылдаудан бөліп қараңыз.

Жұмысыңызды талқылауға шығармас бұрын, барлық детальді ескеріп, мұқият тексергеніңізге көз жеткізіңіз. Алғашқыда мінсіз шықпаса, қамықпаңыз — тәжірибе уақытпен келеді.

Кейде айналаңыздағы адамдардың пікіріне құлақ асу пайдалы. Дұрыс тұжырымдалған сын — дағдыларыңызды жетілдіру мүмкіндігі. Әрбір ескертуді өзіңізді жақсартуға көмектесетін пайдалы сабаққа айналдыруға болады.

Жұмыстағы сын: қорытынды

Қателіктер — дамудың табиғи бөлігі. Сыннан қорықпау, оны кәсіби өсудің баспалдағы ретінде қабылдау маңызды.

Негізгі тұстар:

  • Конструктивті және деструктивті сынның айырмасын біліңіз.
  • Ескертулерді объективті бағалаңыз.
  • Сынды жеке қабылдамаңыз.
  • Оны өсу құралы ретінде пайдаланыңыз.
  • Мотивацияны жоғалтпаңыз және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыңыз.

Ескертуден қорықпаңыз — бұл табысқа бастайтын жолдың бір бөлігі ғана. Ең бастысы — оларды дұрыс қабылдап, пайдасын көріп, алға жылжи беру.

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау