1. Салықтық әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарау
Негізгі екпін салықтық саясаттан гөрі салықтық әкімшілендіруге жасалады. Мемлекеттік органдар салық төлеушілерге тіркеуден бастап есептен шығуға дейін барлық кезеңде қолдау көрсетеді.
2. Салық органдарымен өзара әрекеттесуді жеңілдету
Мемлекеттік кірістер органдары мен банктердің мобильді қосымшаларымен ықпалдастырудың арқасында салық органдарымен өзара әрекеттесу әлдеқайда ыңғайлы болады. Олар арқылы:
- хабарлама жіберуге;
- ЭҚЖЖ таңдап алуға;
- шот ашуға;
- салық режимін таңдауға;
- БКМ тіркеуге болады.
3. Салықтық сауаттылықты арттыру
Кәсіпкерлерге арналған оқыту мен кеңес беру семинарлар, тренингтер форматында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалар арқылы жүргізіледі.
4. Салық берешегі бойынша шоттарды бұғаттау
Жаңашылдыққа сәйкес салық төлеушінің шотындағы барлық қаражат емес, тек берешек сомасы ғана бұғатталады.
5. Салықтық жеңілдіктер мен жеңілдетулер
Төмендегі шаралар іске асырылады:
- салықтық тексерулер мен айыппұлдардан босату;
- өсімпұлды азайту;
- мәмілелер бойынша алдын ала түсіндірмелер;
- сотқа дейінгі келісу комиссиялары;
- ҚҚС-ты 90%-ына дейін оңайлатылған тәртіппен қайтару;
- салық төлемдерін бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру мерзімдерін ұлғайту.
6. Салық төлеушілерді есептен шығару тәртібін жеңілдету
Әрекетсіз салық төлеушілер үшін сотқа жүгінбей-ақ оңайлатылған тарату тәртібі көзделеді. Сондай-ақ айналымы 500 млн теңгеден төмен компанияларды оңайлатылған тәртіппен тарату мүмкін болады.
7. ҚҚС төлемдерінің жаңа жүйесін енгізу
ҚҚС төлемдерін басқаруға арналған “e-₸amga” жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
8. Салық төлеушілерді қызмет түрлері бойынша саралау
ТБЖ-дегі санаттау тәсілдері қайта қаралады. Бір саланың өзінде салық төлеушілерді дифференциалды әкімшілендіру жоспарланған.
9. Салық есептілігін салық органдарының әзірлеуі
Микро және шағын бизнес үшін салық органдары БКМ мен POS-терминал деректері негізінде есептілік жобаларын қалыптастырады.
10. Салық есептілігін қысқарту
Есептілік саны 30%-ға қысқарады, оған мыналар кіреді:
- салық міндеттемелері 1 млн теңгеден төмен болғанда мүлік және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуді алып тастау;
- кәсіпкерлік субъектілері үшін көлік салығы бойынша есептілікті жеңілдету.
11. Импорт бойынша ҚҚС төлеу тәртібін сақтау
Импортқа ҚҚС төлеуде қолданыстағы есепке жатқызу әдісі сақталады, ал тауарлар тізбесі оңтайландырылады.
12. Өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа жобаларды қолдау
Өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа жобалар бірқатар салықтан үш жылға дейін босатылады.
13. Бизнеске арналған салық режимдеріндегі өзгерістер
ҚР Салық кодексінің жаңа редакциясында мынадай ережелер көзделген:
- патент негізіндегі АСР мен мобильді қосымшаларды пайдаланатын АСР-ді біріктіру;
- тиімсіз режимдерді, мысалы, тұрақты шегерім режимін алып тастау;
- бөлшек салық режиміне жататын қызмет түрлері тізбесін екі есеге кеңейту.
14. Қымбат мүлікке жоғары салық салу
Құны 130 мың АЕК-тен (шамамен 1 млн АҚШ доллары) жоғары мүлікке ие жеке тұлғалар үшін жоғарырақ салық мөлшерлемесі енгізіледі.
15. Акциздердің аралас мөлшерлемелері
Акциздер өнімнің спирт мөлшері мен құнына қарай есептеледі.
16. ЖТС мөлшерлемелерінің жеңілдетілген шкаласы
Жалақысы 40 млн теңгеге дейінгілер үшін ЖТС мөлшерлемесі 10% деңгейінде қалады, бұл сомадан асатындарға – 15%.
17. Ойын бизнесі бойынша өзгерістер
Ойын бизнесі үшін КТС мөлшерлемесі ұлғайтылады.
18. ҚҚС ставкасы көтерілмейді
Бұған дейінгі талқылауларға қарамастан, ҚҚС мөлшерлемесі 12% деңгейінде қалады, 16%-ға көтеру жоспары тоқтатылды.
19. Салық жүктемесін азайту
2026 жылдан бастап салық төлемдерін төмендету, салықтық тексерулерді қайта қарау және КТС бойынша ережелерді түзету жоспарланған.
Қорытынды
Ұсыныстардың көпшілігі қазір талқылау кезеңінде. Салық кодексінің жаңа редакциясына кіретін өзгерістердің түпкілікті тізімі құжат 2025 жылы бекітілгеннен кейін айқындалады.
Маңызды жаңалықтарды жіберіп алмау және салық есебін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізу үшін 1С шешімдерін пайдаланыңыз. Бағдарлама «1С:Бухгалтерия для Казахстана» бухгалтерлік және салық есебін автоматтандыруға арналған, оның ішінде міндетті (регламенттелген) есептілікті дайындауды қамтиды.
Шешім тауар сату, қызмет көрсету, өндіріс және т. б. сияқты кез келген коммерциялық қызмет түрлеріне жарамды. Бухгалтерлік және салық есебі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.