SalyqBot мүмкіндіктері
SalyqBot — цифрлық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. SalyqBot мүмкіндіктері:
- салық берешегінің бар-жоғы туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді;
- көлік салығын және өсімпұлды өз бетіңізше есептеуге көмектеседі;
- анықтамалық ақпарат пен салық күнтізбесіне қолжеткізуді ұсынады;
- пайдаланушының мәртебесін ескере отырып — жеке немесе заңды тұлға, жаңалықтар мен хабарламаларды жібереді;
- ҚР ҚМ МКК-ның өзекті мәселелері бойынша бейнесабақтар мен нұсқаулықтарға қолжеткізуге мүмкіндік береді;
- заңды тұлғалар үшін төленген салық сомалары туралы мәліметтерді көрсетеді.
Білім қоры және кері байланыс
Чат-бот ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырылған білім қорымен жабдықталған. Осының арқасында пайдаланушылар оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап ала алады.
Қажет болған жағдайда мыналарды жасауға болады:
- жауап сапасын бағалау;
- қосымша сұрақ қою;
- операторға өтініш не ұсыныс жолдау.
Сервисті дамыту
Жыл ішінде чат-боттың мүмкіндіктері кеңейеді. Пайдаланушыларға мынадай қосымша функциялар қолжетімді болады:
- салық есептілігін тапсыру мерзімдері туралы еске салулар;
- салық төлеу мерзімдері туралы хабарламалар;
- банк шоттарына шектеу (арест) қойылуы туралы ақпарат;
- салық төлеушілерге арналған өзге де маңызды сервистер.
SalyqBot не үшін керек
SalyqBot-қа қосылу мыналарға мүмкіндік береді:
- мемлекеттік кірістер органдарына жеке баруды қысқартуға;
- қызметтерді қашықтан алуға;
- уақыт үнемдеуге;
- салық мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға.
Шотқа шектеу қойылғанда цифрлық салық кеңесшісі қалай көмектеседі
Егер төлем немесе аударым кезінде банк қосымшасы шотқа шектеу қойылғанын хабарласа, бұған салық берешегі немесе тапсырылмаған есептілік себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда SalyqBot қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді.
Колл-орталықтарға жүгінудің немесе мемлекеттік кірістер басқармасына барудың орнына Telegram-дағы ботты пайдаланыңыз — жағдайды анықтаудың ең жедел жолы осы.
Бот шотты бұғаттаудан қалай босатуға көмектеседі
SalyqBot көмегімен Сіз мыналарды орындай аласыз:
- Шектеудің себебін білу. ЖСН-іңізді енгізіңіз — бот берешектің бар-жоғын көрсетеді. Кейде шот шамалы өсімпұлға байланысты бұғатталады.
- Ұйғарымдарды тексеру. Сервис мемлекеттік органдардың шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы ресми ұйғарымдарының бар-жоғы жайлы ақпаратты ұсынады.
- Берешекті төлеу. Бот нақты сома мен деректемелерді береді. Төлем жүргізіліп, деректер жаңартылғаннан кейін шоттар әдетте бірнеше сағат ішінде немесе бір тәулікке дейін автоматты түрде бұғаттаудан босатылады.
Қадамдық нұсқаулық: SalyqBot-пен қалай жұмыс істеуге болады
- Telegram-нан: @SalyqBot табыңыз.
- «Start» батырмасын басып, телефон нөміріңізбен тіркеліңіз.
- «Салық берешегі» бөлімін ашыңыз.
- Берешек бар болса — көрсетілген деректемелер бойынша төлеңіз.
Маңызды: сервис тәулік бойы — 24/7 жұмыс істейді. Шоттың неге бұғатталғанын біліп, мәселені шешу үшін салық органдарының жұмыс уақытын күтудің қажеті жоқ.
Берешекке жол бермеу үшін 1С шешімдерінде есеп жүргізіңіз. Бағдарлама бақылаушы органдарға арналған есептерді қалыптастыруға көмектеседі және салықтар мен жарналарды төлеу мерзімдері туралы ескертеді.