2026 жылы Қазақстанда жеңілдетілген салық режимін кім сақтайды

2026 жылдан бастап жеңілдетілген салық салу жүйесі жаңа қағидалармен қолданылады. Үкімет бұл режимді қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекітті. Оған 44 санат пен 185 ЭҚЖЖ кірді. 2026 жылы Қазақстанда жеңілдетілген режимді кім сақтап қалатынын түсіндірдік.
Кто сохранит упрощенку в 2026 году в Казахстане

Жарияланған күні: 30 желтоқсан 2025

Жеңілдетілген режимде жұмысын кім жалғастыра алады

Тыйым салынған тізбеге кірмеген қызмет түрлерінің бәрі үшін жеңілдетілген салық салу жүйесі қолжетімді болып қалады.

Жеңілдетілген режимде қала алатындар:

  • үй маңындағы дүкендер, минимаркеттер;
  • кофеханалар, кафелер, сұлулық салондар;
  • тұрмыстық қызметтер: жөндеу, клининг, шеберханалар, сервис орталықтары;
  • шағын B2C-бизнес: репетиторлар, фотографтар, студиялар, фитнес-нұсқаушылар;
  • онлайн қызметтер мен фриланс;
  • акциздік тауарлар қатарына кірмейтін және отынмен, металдармен, жер қойнауын пайдаланумен байланысты емес өндіріс;
  • тұрғын үйді, сондай-ақ офис пен техниканы жалға беретін сервистер (1–2 санаттағы базарлар мен сауда орталықтарынан бөлек).

Тыйым салынған ЭҚЖЖ тізімі

Жеңілдетілген режим қолданылмайтын қызмет түрлерінің тізбесіне 44 санат және 185 ЭҚЖЖ енгізілді, олардың ішінде:

  • қаржы қызметі мен сақтандыру;
  • акциздік өнім өндірісі мен айналымы, отын;
  • кәсіби қызметтер: консалтинг және маркетинг қызметтері, бухгалтерлік есеп, аудит, салықтық және заңгерлік кеңес беру;
  • тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу, тұрғын жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар — көппәтерлі үйлерді, жеке үйлерді және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату;
  • жер қойнауын пайдалану және металдармен жасалатын операциялар;
  • сауда базарларын, ірі стационарлық сауда объектілерін және олардың аумағындағы алаңдарды жалға беру және қайта жалға беру (субаренда).

Қорытынды

Қызмет түріңіз бекітілген тізбеге кірмесе, Сіз 2026 жылы да жеңілдетілген салық салу жүйесін қолдануды жалғастыра аласыз. ЭҚЖЖ-ні алдын ала тексеру — басқа салық режиміне мәжбүрлі ауысудың алдын алу үшін шешуші қадам.

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау