Алмасуды баптауға дайындық
Алмасуды жасамас бұрын басқарушы бағдарлама баптауларын тексеру қажет.
Басқарушы жүйе ретінде қолдануға болады:
- 1С:Управление нашей фирмой (1С:УНФ), 3-редакция;
- 1С:Розница для Казахстана, 3-редакция.
1 — ші қадам. Деректерді синхрондауды қосыңыз
Бөлімді ашыңыз:
Настройки → Синхронизация данных
Баптаулар тобында:
Интеграции
деректерді синхрондау мүмкіндігі қосулы екенін тексеріңіз.
Синхрондау қосылмаса, 1С:РМК-пен алмасуды жасау мүмкін емес.
2 — ші қадам. 1С:РМК-пен жаңа алмасуды жасаңыз
Жаңа алмасуды баптау үшін бөлімге өтіңіз:
Настройки → 1С:РМК
Жаңа алмасу жасау пәрменін таңдаңыз.
3 — ші қадам. Алмасуды баптау шеберін іске қосыңыз
Ашылған терезеде:
Режим настройки обмена с 1С:РМК
сілтеме арқылы өтіңіз:
Помощник настройки обмена
Шебер қосылуды және алмасу параметрлерін баптаудың негізгі кезеңдерімен жүргізіп шығады.
Кеңейтілген баптау режимін пайдалану
Баптау формасында мына құсбелгі бар:
Использовать расширенный режим настройки 1С:РМК
Оны тек мына жағдайларда пайдаланыңыз:
- алмасуға екі немесе одан да көп ККМ кассасы қатысса;
- сату бірнеше ұйым бойынша жүргізілсе.
Егер бір кассамен бір ғана 1С:РМК данасы қолданылса, кеңейтілген режимді қосу қажет емес.
Алмасу шектеулері
Стандартты бірлескен жұмыс сұлбасында:
- 1С:РМК қолданбасының бір данасы бір қоймамен (дүкенмен) жұмыс істейді;
- деректер алмасуы бір сауда нысаны бойынша орындалады.
Шеберді іске қосқаннан кейін мына форма ашылады:
Помощник настройки обмена данными с 1С:РМК
Осы жерде алмасу параметрлерін әрі қарай баптайсыз.

