Тауарларды таңбалау: міндетті таңбалау кезеңдері

Тауарларды міндетті таңбалау кезеңдері

2025 жылға қарай Қазақстан 10-нан аса тауар тобына міндетті цифрлық таңбалауды енгізуді жоспарлап отыр. Еске саламыз, тауарларды таңбалау процесі кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Тауарларды таңбалау кезеңдері:

1 — ші кезең: Алғашқы кезеңде бірегей сәйкестендіру коды темекі өнімдеріне енгізіледі:

    • 2020 жылғы 1 қазаннан — сигареттерге;
    • 2021 жылғы 1 сәуірден — стиктер мен сигараларға.

2 — ші кезең: Аяқ киімді таңбалау 2021 жылдың 3-тоқсанынан басталады.

3 — ші кезең: 2022 жылғы 1 қаңтардан дәрілік заттар мен сүтті таңбалау басталады.

4 — ші кезең: Одан кейін жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен алкоголь өнімдері таңбаланады.

Еске саламыз, 2018 жылдан бастап Қазақстанда мех бұйымдарының есебі, қозғалысы және таратылуы таңбалау жүйесі арқылы жүргізіліп келеді. Қазақстанда таңбалау мен тауарлардың қадағалануы жүйесін енгізу операторы — «Қазақтелеком» АҚ.

Мемлекеттік қолдау

Бизнеске түсетін жүктемені азайту үшін мемлекет қосымша жабдық сатып алатын өндірушілерге, импорттаушыларға, дистрибьюторларға және бөлшек сауда дүкендеріне арналған қолдау шараларын әзірлеуде. Атап айтқанда, алкоголь өнімдері өндірушілеріне таңбалау жабдығын сатып алуға қаржылық қолдау көрсетуге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі талқылануда. Сонымен қатар Қазақстанның Даму Банкінің еншілес ұйымы – Өнеркәсіпті дамыту қорында жабдықты лизинг арқылы қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр.

Цифрлық таңбалаудың пилоттық жобасы

2021 жылғы 5 наурызда дәрі импорттаушыларына арналған цифрлық таңбалаудың пилоттық жобасы таныстырылды. Қазақстанда дәрілік заттар импортының үлесі шамамен 83%. Дәрілерді цифрлық таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жоба 50 импорттаушы компания үшін іске асырылады. Импорттаушыларға ИСМПТ-ға қалай тіркелу керектігі түсіндіріліп, Ұлттық тауарлар каталогында дәрілік заттарды тіркеу бойынша кезең-кезеңімен нұсқаулық берілді.

STADA компаниясы пилоттық жоба аясында Қазақстан нарығына өнімін таңбалай бастаған алғашқы халықаралық фармацевтикалық компания болды. Таңбалау үшін таңдалған алғашқы дәрілік құрал — жергілікті қолдануға арналған гемостатикалық «Натальсид» препараты, ол халықаралық STADA тобына кіретін «Нижфарм» АҚ-тың Ресейдегі өндіріс алаңында шығарылады.

Жалпы, дәрілік препараттардың айналымын мониторингілеу жүйесі фармацевтика нарығын ашық етуге және халықты қолдан жасалған әрі контрафакті өнімнен қорғауға бағытталған, сондай-ақ сапалы әрі тиімді дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

42Clouds бұлтындағы 1С-те қазірдің өзінде 10 000-нан астам компания жұмыс істейді

— 1С бойынша кеңес тегін!

— Техникалық сұрақтар бойынша 24/7 қолдау: чат арқылы, телефон арқылы, электрондық пошта арқылы

— Барлық типтік конфигурациялар онлайн, қолжетімділік RDP, Remote App, Web арқылы

Тағы қараңыз

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау

Өтінім қалдырыңыз. Жақын арада Сізбен хабарласамыз.

*түймені басу арқылы Сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз

Написать в WhatsApp