Техникалық қолдау 24/7
Сізде мәселе бар — шешімі бізде!

42Clouds-тегі техникалық қолдау – мамандар тәулік бойы Сізге көмектесе алатын қызмет.
Мейрам ба, демалыс па, тіпті күн тұтылған күн болса да)
Сервис бойынша сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін. Түсінікті болу үшін оларды 3 топқа бөлеміз:
Сервис жұмысына қатысты жалпы сұрақтар

Мысалы, «бұлтқа кіру құпиясөзін ұмытып қалдым», «базаны жаңарту шықпай жатыр, қате береді…» Осындай сұрақтар бойынша техникалық қолдау бөліміне хабарласыңыз. Ең ыңғайлысы — мына телефонға қоңырау шалу
+7 (727) 349-67-20, доб. 911
Бұл бөлім тәулік бойы жұмыс істейді
Сервис құны және қосымша ресурстарды сатып алу

Мұндай сұрақтарды сату менеджеріңіз жеңіл шешіп береді. Бұл — 42Clouds-пен жұмыс бастаған алғашқы күні сөйлескен маманыңыз. Қосымша нөмірін не поштасын сақтап қойыңыз — міндетті түрде көмектеседі.
Жұмыс уақыты: 09:00–18:00
1С-пен жұмыс: оқыту, базадағы қателерді түзету және т.б.

Бізде 1С консультанттарының тобы бар: олар қашықтан қосылып, 1С базасындағы кез келген қатені түсінуге және түзетуге көмектеседі. Егер базаға жетілдіру қажет болса, тапсырманы менеджеріңізге сипаттаңыз — ол 1С бағдарламашысын таңдап береді. Жетілдіру құны жеке есептеледі.
Жұмыс уақыты: 09:00–18:00