Тауар-көлік жүкқұжаты (ТТН) мен жол парағын рәсімдеу нұсқаулығы
1. Тауар-көлік жүкқұжатын (ТТН) рәсімдеу
Тауар-көлік жүкқұжаты (ТТН) — тауарларды тасымалдауға арналған міндетті құжат. Ол қағаз немесе электрондық түрде (цифрлық қолтаңбамен) ресімделуі мүмкін. ТТН жүк жөнелтушіде жүктi есептен шығарудың, ал жүк алушыда қабылдаудың негізі болып табылады.
1.1. ТТН-ді қағаз түрінде рәсімдеу:
- Төрт данада толтырылады.
- Бір данасы жүкпен бірге тасымалдаушыға беріледі.
1.2. ТТН-нің электрондық нұсқасы:
- Цифрлық қолтаңба арқылы рәсімделеді.
- Электрондық жазбалар ҚР-ның электрондық құжаттар және цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес куәландырылады.
1.3. ТТН үшін міндетті деректер:
- ТТН нөмірі және рәсімделген күні.
- Тасымалдаушы туралы ақпарат (БСН/ЖСН, мекенжай, телефон).
- Көлік құралының деректері (маркасы, мемлекеттік нөмірі, тіркемелері, техникалық байқауы).
- Жүк жөнелту және жеткізу пункттері.
- Жүк жөнелтуші туралы ақпарат (БСН/ЖСН, мекенжай, телефон).
- Жүк туралы деректер (салмағы, өлшемдері, қауіптілік класы, қажет болған жағдайда рұқсат құжаттары).
- Келу және кету күні мен уақыты (жөнелтуші және алушы бойынша).
2. Жол парағын рәсімдеу
Жол парағы — әрбір көлік құралына рейс не ауысым басталғанға дейін тасымалдаушы толтыратын бастапқы есеп құжаты.
2.1. Жол парағына міндетті деректер:
- Жол парағының нөмірі және рәсімделген күні.
- Жүргізуші туралы мәліметтер (Т.А.Ә.).
- Көлік құралының техникалық сипаттамалары (маркасы, мемлекеттік нөмірі, тіркемелері).
- Маршрут (бастапқы, аралық және соңғы пункттер).
- Жүргізушінің медициналық тексерісі туралы мәліметтер.
- Шығу мекенжайы мен уақыты.
- ТТН мен CMR-дің нөмірі және күні.
2.2. Жол парағын тіркеу:
- Жол парағы тасымалдаушының есеп журналында тіркелуге тиіс.
- Қағаз түріндегі жол парақтары мен ТТН 5 жыл сақталады.
3. Көлік құжаттарын басқарудың Бірыңғай жүйесінде тіркеу
Егер автокөлік құралының массасы 3,5 тоннадан асса, жол парағы мен ТТН-ді Көлік құжаттарын басқарудың Бірыңғай жүйесінде тіркеу қажет:
- Жол парағы — рейс басталғанға дейін.
- Тауар-көлік жүкқұжаты — жүк жөнелтілгенге дейін.
4. ТТН-ді 1С жүйесінде қалай рәсімдеу:
4.1. «1С:Бухгалтерия для Казахстана» немесе «1С:Fresh» пайдаланушылары үшін:
- «Реализация ТМЗ и услуг» құжатында ТТН-нің баспа пішімін баптаңыз.
- «Печать» қойындысында ТТН басып шығаруға арналған өріс (сыртқы баспа пішімі) қосылады.
- Өрістер «Марка прицепа», «Марка автомобиля», «Гос. номер автомобиля» және өзге деректер нақты жағдай бойынша толтырылады.
- Сенімхат деректері «Реализация» құжатынан автоматты түрде тартылады.
4.2. ТТН-ді басып шығару:
- Тауар-көлік жүкқұжатының баспа пішімін қалыптастыру үшін «Печать» батырмасын басыңыз.