Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия бағдарламасында түгендеуді рәсімдеу үшін «Номенклатура и склад» бөліміне өтіп, «Инвентаризация ТМЗ на складе» тармағын таңдаңыз.
«Инвентаризация ТМЗ» құжатында түгендеуді бір қойма бойынша да, ұйым бойынша тұтастай да жүргізуге болады. Бұл параметр «Вид операции» өрісінде көрсетіледі: ашылмалы тізімнен қойманы не ұйымды таңдауға болады.
- «Склад» операциясы түгендеуді бір қоймада жүргізуге арналған. «Склад» өрісінде қойманың атауын көрсетіңіз.
- «Организация» операциясы компанияның барлық қоймалары бойынша түгендеу үшін қолданылады.
Құжаттың кестелік бөлігін екі тәсілмен толтыруға болады:
- «Заполнить по остаткам на складе» түймесі. Осы команданы таңдағаннан кейін құжаттың кестелік бөлігінде таңдалған қойма немесе ұйым бойынша бухгалтерлік есеп шоттарында бар номенклатура тізімі пайда болады. Бағдарлама қалдықтар жөніндегі есептік және нақты деректер бағандарын автоматты түрде толтырады. Нақты деректерді қайта санаудан кейін қолмен түзете аласыз.
- «Подбор» түймесі. Осы команда арқылы қайта санауға қажет номенклатураны ғана таңдай аласыз (мысалы, тек бір тауар тобы).
«Выбрать все» түймесі арқылы қоймада қолда бар барлық тауарлармен кестелік бөлікті толтыруға болады. «Перенести в документ» түймесін басыңыз — таңдаған номенклатура құжатқа қосылады.
«Количество» және «Цена» өрістерін толтыру үшін «Заполнить» түймесін басып, «Перезаполнить учетные количества и суммы» командасын таңдаңыз.
«Учетное количество» бағаны 1С базасында көрсетілген тауар санына сәйкес келеді. «Количество» бағаны қоймадағы қайта санаудан кейін алынған нақты қалдықтарды көрсетеді. «Отклонение» бағаны «Количество — Учет. Количество» формуласы бойынша автоматты есептеледі және түгендеу барысында анықталған айырмаларды көрсетеді.
Құжаттағы «Дополнительно» қойындысы келесі мәліметтерді енгізуге арналған:
- жауапты қызметкер;
- түгендеуді жүргізудің негізі (бұйрық, өкім және т. б.);
- түгендеу күні;
- түгендеу комиссиясының мүшелері.
Бұл деректер түгендеу құжаттарының баспа үлгілерін дұрыс толтыру үшін қажет.
«Инвентаризация ТМЗ на складе» құжаты қоймадағы тауарлардың есептік және нақты саны арасындағы айырмашылықтарды ғана көрсетеді. Артық қалдықтарды кіріске алу немесе кем шығуды есептен шығару үшін тиісті құжаттарды осы «Инвентаризация ТМЗ на складе» құжатынан бірден жасауға болады. Ол үшін «Создать на основании» түймесін басып, қажет құжатты таңдаңыз.
«Оприходование ТМЗ» және «Списание ТМЗ» құжаттарының кестелік бөліктері түгендеу құжатының негізінде автоматты түрде толтырылады.
Егер бұрын есепке жатқызылған ҚҚС-ты түзету қажет болса, «Списание ТМЗ» құжатының негізінде «Регистрация прочих операций по приобретенным товарам (работам, услугам) в целях НДС» құжатын «Прочая корректировка оборота» операция түрімен енгізіңіз.
«Инвентаризация ТМЗ на складе» құжатында салыстыру тізімдемесі мен қорлардың түгендеу тізімдемесінің баспа үлгілері кірістірілген. Баспа үлгілерін «Печать» түймесі арқылы шығара аласыз.











