1С:Бухгалтерии 3.0-де электрондық құжатта қате шыққанда не істеу керек
1. Құжат қол қойылмаған (қате сіз жақта, құжатты өңдемеңіз)
- «Текущие дела ЭДО» бөлімінде қажетті құжатты таңдаңыз.
- «Ещё» → «Закрыть принудительно» тармағын таңдаңыз.
- Түсіндірме комментарий қосыңыз (ол тек сізге ғана көрінеді).
- Контрагент өңдегеннен кейін құжаттың мәртебесі өзектенеді.
2. Кіріс құжаттан қате табылды (қате контрагент жағында)
- Кіріс құжатты ашыңыз.
- «Другие действия» → «Отклонить» тармағына өтіңіз.
- Қатені сипаттайтын комментарий қалдырыңыз — контрагентке бас тарту себебі туралы хабарлама барады.
3. Контрагент құжатыңызды қабылдамады
- Құжат «Исправить» қойындысына түседі.
- Бас тарту себебін құжаттағы «Подписи» қойындысынан көруге болады.(сурет төменде)
- Контрагенттің комментарийлерімен танысыңыз.
- Қате құжатты күштеп жабыңыз («Ещё» → «Закрыть принудительно»).
- Қателерді құжаттың өзінде түзетіңіз (мысалы, реализации/УПД).
- Жаңа электрондық құжатты жіберіңіз:
- «Продажи» → «Реализация (акты, накладные, УПД)» бөліміне өтіңіз.
- Түзетілген құжатты таңдаңыз.
- «ЭДО» → «Отправить электронный документ» таңдаңыз (құжатты ашпай осы тармақты қолданыңыз — жаңа ілеспе файл қалыптасуы үшін).
- Қолы қойылған қате құжат күшін жоюға жатады.
4. Қате құжаттың күшін жою
«КалугаАстрал» немесе «Такском» операторлары үшін:
- Электрондық құжатты ашыңыз.
- «Другие действия» → «Аннулировать» таңдаңыз.
- Күшін жою себебін көрсетіңіз, оператордан/контрагенттен растауды күтіңіз.
«СБИС» (Тензор) немесе «Диадок» операторлары үшін:
- Күшін жою туралы ұсынысы бар еркін пішіндегі құжат дайындаңыз.
- Оны ЭДО арқылы контрагентке жіберіңіз.
- Екі тарап растағаннан кейін құжат тараптар келісімі бойынша заңды түрде күшін жояды.
Маңызды!
- Әр құжат бойынша хат-хабарды және мәртебені құжат карточкасындағы қойындылар мен комментарийлерден қадағалай аласыз.
- Түзетіп, қайта жібергеннен кейін құжаттар келісу мен қол қою рәсімінен қайта өтеді!
- Құжаттың күшін жою кезінде міндетті түрде қарсы тараптың растауын алыңыз/күтіңіз — тек содан кейін ғана құжаттың күші заңды түрде жойылды деп есептеледі.


