- Электрондық шот-фактураларды рәсімдеуді шектеу жобасының мерзімін ұзарту
Пилоттық жобаның мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды. Оның негізгі міндеті – электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі негізінде ҚҚС-ты әкімшілендіру. Бұл тәуекелі жоғары кәсіпорындардың қызметін анықтап, жолын кесу үшін қажет. Іс-шаралар көлеңкелі экономиканы азайтуға және бір күндік компаниялармен күресуге бағытталған.
- Банктер арасындағы жедел төлемдер жүйесі
Қазақстан Ұлттық Банкі жедел төлемдер жүйесін іске қосқаны туралы хабарлады. Бұл жүйе бойынша аударымдар мен төлемдер төрт банктің клиенттеріне тәулік бойы қолжетімді. Аудару үшін тек телефон нөмірі жеткілікті. Аударымдар теңгемен жүзеге асырылады.
- Сіз салықтық тексеру тізіміне енсеңіз, не істеу керек
Барлық бастапқы құжаттаманы дайындап, салықтық тіркелімдердің бар-жоғын тексеріңіз. Егер олар жоқ болса, оларды сәйкестендіріп, әрбір салық есептілігіне қоса тіркеңіз. Міндетті түрде салық есептілігі бойынша деректерді салыстырып, сондай-ақ бағамдық айырма, контрагенттер, тауарлық-материалдық қорлар және негізгі құралдар есебі бойынша 1С бағдарламасындағы деректерді тексеріңіз.
- Табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсыруды ұмытпаңыз
2021 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізілуде. Декларацияны бірінші болып тапсыратындар – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары. Декларацияны қағаз түрінде 2022 жылғы 15 шілдеге дейін, электрондық түрде 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін ұсыну қажет.
- Бизнесімді кеңейтуді жоспарласам, екінші ОКЭД қосу керек пе?
Ассортиментті кеңейту – қосымша табыс алудың айқын тәсілдерінің бірі. ҚР Салық кодексінің 5-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері ҚР заңнамасына қайшы келмейтін кез келген кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыра алады. Сондықтан ассортиментке жаңа тауарларды қоса аласыз. Егер олар басқа ОКЭД-ке жатса, жаңасын қосу қажет. Ең бастысы, бизнесті кеңейткенде мына талаптарды сақтау:
- арнайы салық режимдерінде тыйым салынған қызметпен айналыспау;
- өнімдердің тауарлық көршілестігі бойынша санитариялық нормаларды сақтау.