Шілдедегі топ-5 жаңалық

Шілдедегі топ-5 жаңалық
  • Цифрлық теңгені енгізу.

    2022 жылдың соңына дейін Қазақстанда цифрлық валютаны енгізу мәселесі бойынша шешім қабылданады. Цифрлық теңге әртүрлі төлемдер мен қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ қосымша қаржы құралы ретінде қызмет етеді.

  • 270.00 және 590.00 нысандарының үлгілері жаңартылды.

    Салық төлеушілерге арналған СОНО клиенттік қолданбасында 2022 жылға арналған салық есептілігінің 270.00 нысаны (Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация) және 590.00 нысаны (Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша декларация) үлгілері жаңартылды. Қолданбаға жаңартылған үлгілерді «ФНО үлгілерін жүктеу» утилитасы арқылы жүктеу қажет.

  • Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ақпараттық портал.

    Қазақстанда шекарааралық сауда рәсімдері туралы ақпаратты кәсіпкерлер мен пайдаланушылар таба алатын жаңа онлайн-платформа іске қосылды. Бұл портал бизнеске осы тақырып бойынша барлық қажетті мәліметті бір көзден алуға мүмкіндік береді.

  • ЖК тіркеуі тек электрондық түрде.

    Енді жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы хабарламаны тек электрондық түрде беруге болады, қағаз нұсқасы қабылданбайды. Өзгерістер 2022 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енді.

  • Кейбір сенімхаттарды онлайн ресімдеу.

    «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасының арқасында азаматтар кейбір сенімхат түрлерін онлайн ресімдей алады, мысалы:

    • Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында өкілдік етуге;
    • мұрагерлік іс жүргізуге;
    • Қазақстан Республикасының соттарында істерді жүргізуге.
Тақырып бойынша маңыздысы

1С базаларыңызды тегін көшіреміз әрі синхрондаймыз

Бұлттағы 1С-ке өтіңіз, біз 1С базаларыңызды тегін көшіреміз және олардың арасындағы синхрондауды баптап береміз. Конфигурацияларыңыз әрдайым үйлесіп тұрсын!

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау

Өтінім қалдырыңыз. Жақын арада Сізбен хабарласамыз.

*түймені басу арқылы Сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз