- Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау: субсидияланатын жобалардың түрлері толықтырылды
2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде облыс орталықтарында және моноқалаларда сауда-ойын-сауық орталықтарынан басқа құрылыстық нысандарды субсидиялау көзделеді, егер олар төмендегі критерийлердің барлығына бір мезгілде сәйкес келсе:
- сауда алаңы кемінде 1 000 шаршы метр болуы;
- кәсіпкерлердің ЭҚЖЖ 47.19 «Бейінділігі жоқ дүкендердегі өзге бөлшек сауда» немесе ЭҚЖЖ 68.20.1 «Өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару» бойынша қызметті жүзеге асыруы;
- азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату үшін сауда орындарының болуы. Сауда, әкімшілік-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен қамтамасыз етілуі.
- ЭАВР есепке алу құжаттары ретінде танылды
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII заңына сәйкес ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, енді ЭАВР (орындалған жұмыстардың электрондық актілері) салықтық есепке алу үшін есепке алу құжаттары ретінде танылады.
- Қағаз түріндегі шот-фактураларды 30 қаңтарға дейін АЖ-ға енгізу қажет
14 және 15 қаңтарда деректер сақтау жүйелерін жаңарту бойынша техникалық жұмыстар жүргізілді. Осы себепті «ЭСФ» АЖ көрсетілген кезеңде қолжетімсіз болды, және салық төлеушілер электрондық құжаттарды ресімдей алмады. Осыған байланысты қағаз жеткізгіштегі шот-фактураларды 2023 жылғы 30 қаңтарға дейін ЭСФ АЖ жүйесіне енгізу қажет.
- ҚҚС артығын қайтару мерзімдері өзгертілді
ҚР Салық кодексінің 431-бабы 2-тармағына сәйкес ҚҚС артығын қайтару мерзімі 150 күнтізбелік күннен 75 жұмыс күніне дейін қысқартылады.
- 2023 жылға арналған СОНО үшін ФНО жаңартылды
ҚР ҚМ МКК сайтында салық төлеушілерге арналған СОНО клиенттік қосымшасына қатысты 2023 жылға арналған есептілік нысандарының жаңартылған үлгілері жарияланды. Оларды салық төлеушілердің СОНО бағдарламалық қамтамасыз етуіне импорттау қажет.