- Мемлекеттік мерекелерге қатысты заңнамаға түзетулер.
Сенат пленарлық отырыста мемлекеттік мерекелерге қатысты заңнамаға түзетулерді қабылдады: Республика күні 25 қазанда, ал Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсанда аталып өтеді. Сондай-ақ 1 желтоқсандағы Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынылады.
- Елорда атауы өзгерді. Құжаттарды ауыстыру керек пе?
Қазақстан Республикасы Президенті елорданың атауын Астана деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты бұрынғы атауы көрсетілген заңды тұлғалардың ресми құжаттары өз заңды күшін жоймайды, сондықтан құрылтай құжаттарын ауыстырудың қажеті жоқ.
- Микро және шағын бизнес үшін еңбекақы қорынан бірыңғай төлем.
Қазақстанда микро және шағын бизнес үшін еңбекақы қорынан бірыңғай төлем енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта еңбекақы қорынан әртүрлі мөлшерлемелері мен есептеу базасы бар бірнеше төлем төленеді. Осы төлемдерді бір төлемге біріктіру ұсынылады. Бұл жалақыдан ұсталатын салықтар мен төлемдерді есептеуді жеңілдетіп қана қоймай, салықтық жүктемені де азайтады.
- Қазақстанда жұмыспен қамту.
Ресей Президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялағаннан кейін Қазақстанға келетін ресейлік азаматтар легі айтарлықтай артты. Қазақстан тұрғындарының бір бөлігі еңбек нарығында бәсеке күшеюі мүмкін деп алаңдады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі алаңдауға негіз жоқ екенін түсіндірді, ал егер ондай жағдай орын алса, Үкімет ЕАЭО шеңберінде көзделген шектеулерді енгізеді.
- Бірлескен жұмыспен қамту – 2023 жылдан бастап еңбек қатынастарының жаңа түрі.
Бірлескен жұмыспен қамту дегеніміз – жұмыс берушінің бір еңбек функциясын бірлесе орындау үшін бірнеше (әдетте екі) қызметкерді қабылдауы, нәтижесінде толық жұмыс уақыты көлемі орындалады. Мысалы, қызметкер денсаулық жағдайына немесе өзге мән-жайларға байланысты толық жұмыс күнін атқара алмаса. Бұл формат қызметкерлердің де, жұмыс берушінің де мүдделеріне сай келеді.