2021 жылғы қыркүйек бойынша бизнес үшін маңызды 5 жаңалықты дайындадық.
Жаңалық №1
Кәсіпкерлер телефон арқылы бизнес-қызметтерді ала алады. «Атамекен» ҰКП съезінде бизнеске арналған сервистерді цифрландыру жоспарлары жарияланды.
Жеке кабинеттері арқылы кәсіпкерлер өздерінің барлық мәселелері туралы Палатаға хабарлай алады. «Атамекенге» өтініш жолдау үшін смартфонда бірнеше рет түрту жеткілікті.
Жаңалық №2
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қалалық басқарма әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін енгізу аясында кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру бойынша өтінімдер қабылдайды.
Нұр-Сұлтан әкімдігі кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарымдылық, мерзімділік, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарымен қарыз береді, ол үшін қарыз шарты жасалады. Несие қаражатының алушыларын белгіленген талаптарға сәйкестігі негізінде комиссия анықтайды.
Жаңалық №3
Шағын бизнеске тексерулерге енгізілген мораторий Қазақстанда 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі брифингте Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады.
Жаңалық №4
Қазақстандағы кәсіпкерлерге жеке және іскерлік мобильді аударымдарды бөлек жүргізу міндеттеледі. Кәсіпкерлік мақсаттар үшін бөлек шоттар болады.
Жаңалық №5
Қазақстандық бизнес Қазақстанда орналасатын «Mail.ru Cloud Solutions» бұлттық платформасына қол жеткізе алады.
Бұл шағын, орта және ірі бизнес өкілдеріне цифрлық түрлендіруді жеделдетуге және QazCloud деректерді өңдеу орталықтарында орналастырылған жаңа озық бұлттық сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қыркүйектегі жағдай осы. Жылынып, қазанға қадам басайық!