2022 жылғы қараша: бизнес бойынша ТОП-5 жаңалық

2022 жылғы қараша: бизнес бойынша ТОП-5 жаңалық
  • Еңбекақы қоры жүктемесін азайту.

    Қазақстан Парламентінің Сенаты пленарлық отырыста Салық кодексіне бірқатар түзетулерді қабылдады. Сол өзгерістердің бірі – еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені азайту, өйткені қазір бірнеше түрлі төлем төленеді. Бұл міндетті жеңілдету үшін барлық төлем бір төлемге біріктіріледі.

  • Коммерциялық үй-жай иелері «жеңілдетілген режимді» қолдана алмайды.

    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын бизнес субъектілеріне 16 қызмет түрі бойынша арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат берілмейді. Бұл жаңалық, соның ішінде, үй-жайларын жалға беретін кәсіпкерлерге де қатысты.

  • Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарына субсидия.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес, ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға арналған арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға жұмсалатын шығындарды субсидиялау қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілді. Арнайы жұмыс орындарын жабдықтау жұмыстары аяқталып, халықты жұмыспен қамту орталығы тиісті тексеріс жүргізгеннен кейін, жұмыс беруші осы шығындарды өтейтін субсидия алуға құқылы.

  • АҚС шарты бойынша салықтар мен төлемдер мөлшерлемесін арттыру жоспарлануда.

    Қазақстанда азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт бойынша салықтар мен міндетті төлемдерді төлеудің номиналды мөлшерлемесін 34% деңгейінде белгілеу жоспарланып отыр. Бұл шара көптеген компаниялардың қаржылық шығындарын азайту үшін АҚС шарттарын пайдалануымен байланысты. АҚС шарты бойынша мөлшерлемені өзгерту қызметкерлердің әлеуметтік қамтамасыз етілуінің тиісті деңгейін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының жеткілікті көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  • 2023 жылғы жаңа заңдар.

    2023 жылы Қала құрылысы кодексі мен Бюджет кодексін әзірлеу, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, көші-қон, мемлекеттік сатып алу, салық салу мәселелері бойынша заң жобаларын дайындау көзделген. Бұған қоса, әкімшілік әділетті, қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнаманы жетілдіру жұмыстары жоспарланған.

Тақырып бойынша маңыздысы

1С базаларыңызды тегін көшіреміз әрі синхрондаймыз

Бұлттағы 1С-ке өтіңіз, біз 1С базаларыңызды тегін көшіреміз және олардың арасындағы синхрондауды баптап береміз. Конфигурацияларыңыз әрдайым үйлесіп тұрсын!

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау

Өтінім қалдырыңыз. Жақын арада Сізбен хабарласамыз.

*түймені басу арқылы Сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз