- ЭЦҚ-мен ресімделген құжаттар есеп құжаттамасы ретінде танылдыТиісті өзгерістер Салық кодексінің 190 және 193-баптарына енгізілді. Енді электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбамен рәсімделген бухгалтерлік құжаттама немесе бастапқы есеп құжаттары есеп құжаттамасы ретінде танылады. Салықтық тексерулер жүргізілген кезде, егер құжаттар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген болса, салық төлеуші (салық агенті) қағаз тасымалдағыштағы құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті емес.
- 2023 жылғы қаңтарда қазақстандықтар қалай демалады.«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес қазақстандықтар демалатын күндер:
- бес күндік жұмыс аптасында: 2022 жылғы 31 желтоқсан және 2023 жылғы 1, 2, 3 қаңтар;
- алты күндік жұмыс аптасында: 1, 2, 3 қаңтар.
7 қаңтар қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысым кестелеріне қарамастан барлық қызметкерлер үшін демалыс күні болып табылады. Осыған байланысты барлығы 7 және 8 қаңтарда демалады.
- Салықтық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесі толықтырыладыegov.kz порталында жарияланған жаңа жобаға сәйкес, салықтық құпияға қосымша мына мәліметтерді жатқызу ұсынылады:
- жеке тұлғаның өздігінен салық салынатын табыс сомалары;
- салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органы туралы мәліметтер.
Сонымен қатар, Қағидалардан салық төлеуші (салық агенті) туралы, салықтық құпияны құрайтын мәліметтер тек мемлекеттік қызметтерді қызмет алушыға көрсету мақсатында ғана пайдаланылады деген анықтаманы алып тастау ұсынылады. Осыған байланысты Қағидалардан «қызмет алушы» және «мемлекеттік қызмет» ұғымдары алынып тасталады.
- Цифрлық теңгенің мүмкіндіктері кеңейедіҰлттық банк Төрағасы Ғалымжан Пірматовтың хабарлауынша, «Цифрлық теңге» жобасы аясында тұтынушылар мен ұйымдар цифрлық теңгемен 3,5 мыңнан астам транзакция жасады. Респонденттердің 60%-дан астамы цифрлық теңгені пайдалануға дайын, сондықтан азаматтар мен бизнес үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша барлық қажетті жұмыстар жалғастырылады.
- Қазақстанда бизнеске қойылатын негізсіз 7 мың талап жойыладыҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бизнесті реттеуге жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанын хабарлады. Бизнеске қойылатын артық талаптарды анықтау бойынша ауқымды ревизия жүргізілуде. Қазіргі уақытта жойылатын шамамен 7 мың талап анықталды.