1 — ші жаңалық
Егер Сіздің кафеңіз, мейрамханаңыз немесе басқа да ШОБ компанияңыз Ashyq жобасына қатыспаса, Нұр-Сұлтандағы жұмыс уақыты 20:00-ге дейін қысқаруы мүмкін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша). Ал жобаға қатысушылар күн сайын 24:00-ге дейін толыққанды жұмыс істей алады (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша). Ashyq бизнес иелеріне бірқатар жеңілдікпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл өңірдің эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасындағы аймақтық мәртебесіне байланысты.
Осылайша, 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер демалыс күндері де жұмыс істей алады (Алматы қаласын қоспағанда: онда мұндай талаптар бір аптадан кейін енгізіледі).
2 — ші жаңалық
Алматыда қаланың бірыңғай деректер қоймасы іске қосылды. Жоба Smart City-дің сингапурлық үлгісі бойынша жүзеге асырылуда.
Әкімдіктің мақсаты — тұтас цифрлық экожүйе құру. Негізгі мақсат — деректерді сквоздық басқару арқылы қаланың барлық ақпараттық жүйелерін біріктіру.
3 — ші жаңалық
Уақыт өте жылдам өтуде. Бір кезде COVID жұқтырған алғашқы адамдар туралы жаңалықтарды үреймен тыңдадық, ал қазір вакцинация кезеңін аяқтап жатырмыз. Тамызда қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс мерзімі аяқталды. 10 тамызға дейін COVID-ке қарсы вакцинаның алғашқы компонентін, ал 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін алу қажет болды.
Енді вакцина алмаған қызметкерлер тексеріледі. Ондай қызметкерлер анықталса не болады? Кәсіпорын қызметін тоқтату немесе 14 мыңнан 1,4 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Жаза сонымен қатар кәсіпорын қызметін уақытша тоқтатуға әкелуі ықтимал.
4 — ші жаңалық
1 қыркүйектен бастап Алматы мен Алматы облысында заңды тұлғалар үшін электр энергиясының тарифі өседі. Бұл тұрмыстық емес мақсатта пайдаланылатын электр энергиясына қатысты.
5 — ші жаңалық
Шағын және микробизнес үшін «Сбер QR» арқылы комиссиясыз төлем қабылдау мүмкіндігі пайда болды. Банктің мерейтойына орай ұйымдастырылған акция аясында кәсіпкерлер 6 ай бойы айына 180 000 теңгеге дейін комиссиясыз төлем қабылдай алады. Акция ЖК мен ЖШС-ні қолдауға бағытталған. Қызметті шағын дүкендер мен дәріханалар, сауда дүңгіршектері, фастфуд, курьерлер мен такси сервистері, сұлулық салондары және автосервистер пайдалана алады, олардың орташа чегі 5 000-нан 10 000 теңгеге дейін.
Қызметті қалай қосуға болады?
- 7744 нөмірі бойынша Сбербанкке қоңырау шалыңыз немесе бөлімшеге барып бетпе-бет кеңес алыңыз
- Бөлімшеде эквайрингке өтінім беріңіз
- QR-ды электрондық пошта арқылы алыңыз немесе банк бөлімшесінен алыңыз
- Соңғы қадам — байланыссыз төлем қабылдау үшін кассаға орналастырыңыз.
Жаз осылай аяқталды. Күзге екпінмен кірісейік!