COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы дағдылы өмірімізді күрт өзгертті. Көпшілігіміз қашықтан жұмысқа көштік, бизнестің бір бөлігі үшін — карантин кезеңінде уақытша жабылу — қиын кезең туды, ал Үкімет қарапайым қызметкерлер мен бизнес иелеріне қолдау көрсету үшін жаңа шараларды жедел қабылдап жатыр.
Міне, наурызда назардан тыс қалдырмауға тиіс Топ-5 өзгеріс:
- Төтенше жағдай кезеңінде несие төлемдері, айыппұлдар мен өсімпұлдарға кейінге қалдыру енгізіледі. Елде ТЖ режимі күшінде тұрған уақыт бойы барлық банктер мен өзге несие ұйымдары осы тәртіпті сақтауға міндетті.
- 2019 жыл бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылды, яғни 2020 жылғы 30 сәуірге дейін. Салықтар бойынша төлемдерді кешіктіргені үшін өсімпұл мен айыппұл есептелмейді.
- Салық мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициентін қолдану арқылы пандемиядан зардап шеккен салалардағы кәсіпорындар жыл соңына дейін салық төлеуден босатылады: сауда орталықтары, мәдениет мекемелері, кинотеатрлар және т.б.
- Онлайн көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі кеңейді. Барлық мемлекеттік органдар азаматтарды жеке қабылдауды шектеді, өтініштер электрондық түрде немесе пошта арқылы қабылданады.
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті көрсетілмеген қызметтер үшін қаражатты қайтаруға халыққа белсенді көмектесуде. Жедел желі және Telegram-дағы чат іске қосылды. Комитет қызметкерлері сотта үшінші тұлға ретінде қатыса алады, талап-арыздарды дайындауға көмектеседі.
Жуық арада өзгерістер мен жаңалықтар одан да көбейеді деп сенеміз, сондықтан жағдайды үнемі қадағалап, жаңа жағдайда жұмыс істеуді үйреніп жатырмыз. Қолды жууды ұмытпайық.