Салықтық жүктеме коэффициентін есептеудің жаңа қағидалары Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 45-бабының 2-тармағында, сондай-ақ ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 620 «Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында бекітілген.
2026 жылдан бастап салықтық жүктеме коэффициентін есептеу: не өзгереді
Салық төлеушілердің әр санаты үшін орташа салалық СЖК жеке есептеледі:
- арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын салық төлеушілер үшін;
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін.
Есептеу жиілігі де өзгерді. Орташа салалық СЖК жылына бір рет айқындалады, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша.