Тізбеге енгізілген компаниялар мониторингтен өтуге міндетті – салықтық және қаржылық операцияларға мұқият бақылау. Бұл ашықтықты және салық міндеттемелерінің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету үшін маңызды.
Жаңа тізбеге мына критерийлерге сәйкес келетін компаниялар енгізілді:
- салықтық кезеңнің соңындағы негізгі құралдардың құны айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 325 000 еселенген мөлшерінен кем емес;
- қызметкерлер саны – кемінде 250 адам;
- жер қойнауын пайдалануға қатысы бар компаниялар – 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімдер бойынша жұмыс істейтін операторлар мен жер қойнауын пайдаланушылар;
- мұнай-газ конденсат кен орындарында немесе теңіз кен орындарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
- ірі салық төлемдері бар компаниялар – соңғы үш жыл ішіндегі жыл сайын төленген салық сомасы АЕК-тің 2 000 000 еселенген мөлшерінен кем болмауы тиіс;
- қала құраушы жер қойнауын пайдаланушылар, жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларынан бөлек пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі қолданыстағы келісімшарттары бар.