Көктем – жаңару кезеңі. Бізде де жаңалық көп, себебі сервистерімізді әрдайым одан әрі ыңғайлы әрі сапалы етуге талпынамыз. Наурызда біз «Ақпараттық базалар» мәзірін жетілдіруге бар күшімізді салдық. Зерттеулер жүргіздік, клиенттеріміздің тілектерін ескердік және жаңартулар топтамасын ұсынамыз:
- Енді Жеке кабинетте есептік жазба әкімшісі базаларды мұрағатқа көшіте алады. Сонда олар дискідегі орынды алмайды, бірақ қалпына келтіруге қолжетімді болып қалады. Демо‑есептік жазбалар үшін базалар 7 күн, ақылы жазбалар үшін 90 күн сақталады.
- «Ақпараттық базалар» мәзірінде бірнеше базаны бірден таңдау мүмкіндігін қостық — кейін оларды жоюға немесе мұрағатқа көшіруге болады.
- 10‑нан көп базасы бар есептік жазбалар үшін беттеуді басқару мүмкіндігі пайда болды «Ақпараттық базалар» мәзірінде. Әдепкіде бір бетте 10 жазба көрсетіледі, қажет болса 50 немесе 250 көрсетуге болады.
- Сонымен қатар «Ақпараттық базалар» мәзіріне жылдам сүзгілер қостық. Енді жалпы тізімнен серверлік базаларды немесе мұрағаттағы базаларды тез іріктей аласыз.
- База қосу процесі одан әрі ыңғайлы болды. Тетіктің үстіне меңзерді апарғанда пайдаланушы екі нұсқаны көреді: «Жаңасын құру» немесе «Өз 1С базасын жүктеу». Сонымен қатар, база қосқанда енді қолжетімділік құқықтарын бірден баптауға болады.
Бұл жаңартулар Сіздерге ұнайды деп сенеміз. Себебі сервистерімізді дәл Сіздер үшін жақсырақ етеміз.