Қазан айынан кейін МКК жұмыс берушіде 2025 жылы қолданған салық шегерімдерін растау туралы хабарламаларды жеке тұлғаларға жібере бастайды. Мұндай шегерімдерді пайдаланғандардың бәрі құжат тапсырады, іріктемелі тексеріс болмайды.
Сөз емделуге, оқуға және ипотекалық сыйақы бойынша шегерімдер жайлы. Жұмыс беруші оларды қызметкердің өтініші негізінде әр шығыс түрі бойынша 118 АЕК шегінде берді. Өтінішке растайтын құжаттардың көшірмелері қоса тіркелді, түпнұсқалар қызметкерде қалды.
Шегерімдер қалай тексеріледі
Тексеру екі кезеңнен тұрады. Алдымен МКК 2025 жылға 270.00 нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырылған-тапсырылмағанын қарайды. Оны тапсыру міндеттемесін қызметкер алдын ала шегерімге өтініш бергенде көрсеткен.
Одан кейін салық органы шығындарды растайтын құжаттарды сұратады. Мысалы, қызметкер ипотекалық қарыз бойынша сыйақыға шегерім алған болса, банктің төленген сыйақы туралы анықтамасын ұсынуы қажет болады. МКК онда көрсетілген соманы берілген шегеріммен салыстырады.