Қазақстан Республикасының Салық кодексі және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес салықтық есепке қою бойынша міндеттемелер белгіленген, оның ішінде:
- жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде;
- жеке практикамен айналысатын адамдар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар);
- ҚҚС бойынша есепке қою;
- жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырғанда.
МКК аталған талаптарды бұзған және салықтық есепке қойылмаған тұлғаларға қатысты мониторинг жүргізеді.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда хабарлама жіберіледі, онда тіркеу есебіне қою қажеттігі көрсетіледі. Оны орындау мерзімі хабарлама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күні. Хабарлама орындалмаған жағдайда банктік шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.
Салық төлеуші хабарлама мазмұнымен келіспесе, жазбаша түсіндірме беріп, растайтын құжаттарды қоса ұсына алады. Ұсынылған уәждер негізсіз деп танылса, 20 жұмыс күні ішінде хабарламаны орындалмаған деп тану және тақырыптық салықтық тексеру тағайындау туралы шешім қабылданады.