2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Салық кодексіндегі өзгерістер

Изменения в Налоговом кодексе с 15 сентября 2025 года

1. Интернет-платформа операторлары – салық агенттері

Әлеуметтік кодекске сәйкес, интернет-платформаның операторы деп мынадай жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға танылады:

  • интернет-сервистер арқылы мәмілелер жасауға техникалық, ұйымдық және ақпараттық мүмкіндіктер береді;
  • қызмет көрсету және жұмыстарды орындау үшін орындаушылар мен тапсырыс берушілерді байланыстырады;
  • үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

Егер есеп айырысу орындаушы мен тапсырыс беруші арасында платформаны айналып өтіп жүргізілсе, оператор міндетті:

  • тіркелген орындаушылар туралы деректерді салық органдарына беру;
  • көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстардың түрлерін көрсету;
  • уәкілетті орган айқындаған тәртіп пен мерзімдерді сақтау.

2. Банктер көбірек мәлімет береді

Салық кодексінің 24-бабына жеке тұлғалар табыс пен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті болған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер мен банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар салық органдарына ақпарат ұсынуға міндеттелетін тармақшалар енгізілді.

Банктер мына ақпаратты ұсынады:

  • шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы деректер;
  • шоттардағы қалдықтар туралы ақпарат;
  • жеке тұлға жыл ішінде 20 000 АЕК-тен қымбат мүлік сатып алған жағдайда, ақша қаражатының қозғалысы туралы мәліметтер.

3. Салықтық әкімшілендіруде биометриялық сәйкестендіру

Енді салық органдарына салықтарды әкімшілендіру мақсатында өз ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіруді ресми түрде қолдануға рұқсат етілді.

4. Акциздік тауарларға бақылау күшейтіледі

172-бапқа толықтыру енгізілді: міндетті таңбалауға жататын тауарларды бөлшек саудада сату кезінде БКМ арқылы есепке алу өнімге қолданылған сәйкестендіру құралдарын считывание (оқу) арқылы ғана мүмкін болады.

5. КСК – коммерциялық емес ұйымдар

Пәтерлердің немесе тұрғын емес үй-жайлардың иелері кооперативтері (КСК) коммерциялық емес ұйымдарға жататыны бекітілді (289-баптың 1-тармағы).

6. ОСИ мен КСК тіркеу үшін жаңа алым

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін тіркеу алымы мен мөлшерлемелер белгіленді:

  • көппәтерлі үйлердің мүлік иелері бірлестіктері (ОСИ);
  • пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) иелері кооперативтері.
Тақырып бойынша маңыздысы

1С базаларыңызды тегін көшіреміз әрі синхрондаймыз

Бұлттағы 1С-ке өтіңіз, біз 1С базаларыңызды тегін көшіреміз және олардың арасындағы синхрондауды баптап береміз. Конфигурацияларыңыз әрдайым үйлесіп тұрсын!

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау

Өтінім қалдырыңыз. Жақын арада Сізбен хабарласамыз.

*түймені басу арқылы Сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз