Маусым елімізде өзін-өзі оқшаулау режимінен алғашқы толқындармен шығу кезеңімен өтті. Бизнес
қалыпты өмірге қайта орала бастады, жаңа түзетулермен жұмыс істеуге
ұйымдардың басым бөлігіне рұқсат берілді. Үкімет кәсіпкерлерге қолдау көрсету
шараларын жалғастырып, «коронадағдарыстың» экономикалық салдарымен күресуде.
Пандемия көптеген өзгерістерге түрткі болды, біз оларды тіркеп үлгеруге әрең жетіп жүрміз. Келіңіздер,
маусымда не болғанын қарайық:
- Қазақстанның БАҚ-ы да мемлекеттік қолдау алады. Бұқаралық ақпарат құралдары да
коронавирусқа байланысты зардап шеккен сала ретінде танылды, сондықтан оларды 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі кезеңде салық төлеуден
босатады. Сондай-ақ коммерциялық теле және радиоканалдар
аналогтық және цифрлық телерадио хабар тарату қызметтері үшін жылдың соңына дейін
ақы төлемейді. - 25 маусымда ҚР № 346-VI «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Кең көлемді түзетулер топтамасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
жағдайын елде жақсартуға бағытталған. - 42 500 төлемі тоқтатылды, бірақ бизнеске мемлекеттік қолдау сақталады.
42 500 теңге көлеміндегі төлемдер ТЖ кезеңіне ғана көзделген еді, ол
11 мамырға дейін әрекет етті. Бұдан әрі төлемдер қарастырылмаған, бірақ Үкімет жеке және
заңды тұлғаларды қолдау шараларының кешенін әзірлеп, толықтырды. - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айырылу бойынша
төлемді ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазақстанда классикалық мағынадағы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жоқ, бірақ
табысынан айырылған азаматтарға төлем қарастырылған. Қазір бұл төлем жүйеге қатысу өтіліне қарай
есептеледі, алайда министрлік ең төменгі бекітілген мөлшер белгілеуді қалайды.
Дегенмен, бұл эпидемиологиялық
жағдайға байланысты болады деп нақтыланды. - Мемлекеттік органдардың барлық сайттары ЕПИР ГО бірыңғай платформасына көшті. Бұл — 17
министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы орган. Енді ЕПИР ГО
халық үшін ақпарат пен қызмет алудың бірыңғай терезесіне айналады. Қош келдіңіздер
21 ғасырға!
Көріп отырғандай, қалпына келу қарқын алып келеді. Маусым бетбұрысты ай болды, енді
бұрынғы көрсеткіштер үшін күрес кезеңі басталады. Коронавирус ел экономикасына да,
бизнес өміріне де едәуір соққы берді, сондықтан салдарды барынша азайтып, дағдарысқа дейінгі деңгейге қайту үшін
бар күшті жұмсау қажет.
Біз мұның қолымыздан келетініне сенеміз!