Күздің екінші айындағы маңызды оқиғалар топтамасын ұсынамыз.
1 — ші жаңалық
Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов жұмыс берушілердің вакцинациядан өтпеген қызметкерді жұмыстан шеттетуге құқығы бар-жоғын түсіндірді.
«Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық нормаларын енгізді, олар дүйсенбіден бастап күшіне енді. Онда міндетті вакцинациядан өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жібермеу керек деп көрсетілген», — деді ол.
2 — ші жаңалық
Президент бизнеске арналған жер учаскелерін бөлу процесін цифрландыруды тапсырды.
Бұл жер бөлу ашықтығын арттырып, кезек мәселесін шешуге көмектеседі.
3 — ші жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Үкіметке мұндай бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен санкцияларды заңнамалық тұрғыда айқындауды тапсырды. Бұл туралы Президент «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында «Digital Era Lifestyle» тақырыбымен мәлімдеді.
4 — ші жаңалық
Қазақстан экономикасы қалпына келуді жалғастырып, 7 айда 2,7% өсті. Жыл қорытындысы бойынша Ұлттық банк ЖІӨ өсімінің 3,7%-ға дейін жетіп, дағдарысқа дейінгі деңгейге оралуын күтеді.
5 — ші жаңалық
2025 жылға дейін Ұлттық банк экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан шығуды көздеп отыр.