Президенттің дәстүрлі «Бұл жыл оңай болған жоқ» деген сөзі 2020 жылы жаңа реңк алды. Расымен де, жыл сондай болды. Біз локдаунды өткердік, қашықтан жұмыс әлеміне бойлап, көп нәрсе үйрендік.
Биыл көптеген клиенттерімізге қашықтан жұмысқа қиындықсыз ауысуға және бухгалтерия жүргізу шығындарын азайтуға көмектесе алғанымызға қуаныштымыз. Сіз үшін ең қолайлы әрі сенімді сервис болу үшін тынымсыз еңбек еттік. Бұл сапарды 2021 жылы да бірге жалғастырамыз.
Жаңа жылдық мереке күндері де техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді, сондықтан Сіздің 1С-іңіз бойынша көмек қажет болса, қасымызда екенімізді ұмытпаңыз. Тіпті 1 қаңтар таңында да сергек маманымыз дайын болады!