Уәделі төлем: бұл не және оны қалай қосуға болады?

42Clouds сервисіне уақытында төлем жасауды ұмытып, базаларға қосыла алмай тұрсыз ба? Жаңа пайдаланушы қосу немесе диск кеңістігін ұлғайту үшін баланста қаражат жеткіліксіз бе? Мұндай жағдайды уәделі төлем тез шешеді. Қызмет баланста 0 теңге болса да, сервистің жұмысын 7 күнге ұзартуға мүмкіндік береді.

Маңызды! Уәделі төлем тек бұрын сервисті төлеген пайдаланушыларға қолжетімді. Тест кезеңінде бұл қызметті пайдалану мүмкін емес.

Уәделі төлемді қалай қосуға болады?

42Сlouds жеке кабинетінде «Тіркелгіні басқару» бөліміне өтіп, «Баланс» тармағын таңдаңыз. «Уәделі төлем» қойындысын ашыңыз.

Қызметті қосудың екі тәсілі бар.

1 — ші тәсіл. Кез келген сомаға уәделі төлемді белсендіру

Мысалы, ай сайынғы төлеміңіз 11 000 теңге. Сонымен қатар айына 3 850 теңгеге жаңа пайдаланушы қосуды қалайсыз. Демек, қажет аванс — 14 850 теңге.

«Кез келген сома» сілтемесіне өтіңіз, соманы енгізіп, «Уәделі төлемді алу» батырмасын басыңыз.

Уәделі төлемді алуды растаңыз: «Төлем түрін таңдау формасына өту» батырмасын басыңыз.

2 — ші тәсіл. Калькулятор арқылы уәделі төлем сомасын есептеу

Бұл жағдайда бағдарлама аванс сомасын автоматты түрде есептейді. «1С Бұлт» сілтемесіне өтіп, қажетті параметрлер мен төлем кезеңін таңдаңыз. «Уәделі төлемді алу» батырмасын басыңыз.

Уәделі төлемді алуды растаңыз: «Төлем түрін таңдау формасына өту» батырмасын басыңыз. Көрсеткен сомаңыз балансқа есептеледі. Осы сомаға шот автоматты түрде жасалады, оны «Шоттар» қойындысынан көресіз.

Маңызды: бұл шотты 7 күн ішінде төлеуді ұмытпаңыз, әйтпесе сервис бұғатталады. Төлем жасамай екі уәделі төлемді қатарынан белсендіру мүмкін емес.

42Clouds бұлтындағы 1С-те қазірдің өзінде 10 000-нан астам компания жұмыс істейді

— 1С бойынша кеңес тегін!

— Техникалық сұрақтар бойынша 24/7 қолдау: чат арқылы, телефон арқылы, электрондық пошта арқылы

— Барлық типтік конфигурациялар онлайн, қолжетімділік RDP, Remote App, Web арқылы

Тағы қараңыз

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау

Өтінім қалдырыңыз. Жақын арада Сізбен хабарласамыз.

*түймені басу арқылы Сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз