1С: Бухгалтерия 8 (Қазақстан үшін) — бухгалтер жұмысына арналған тиімді құрал. Осы мақсатта конфигурацияда электрондық шот-фактураларды (бұдан әрі — ЭСФ) жазып беру және алу механизмі іске асырылған. Модульді пайдалану үшін бірнеше қарапайым әрекет жеткілікті.
1. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін алыңыз. Мұны Қызмет көрсету орталығында жасауға болады.
2. Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі порталында алдын ала өтінім беріп тіркеліңіз.
3. Баптауды 1С базасының өзінде орындаңыз.
Алғашқы екі тармақты орындаған болсаңыз, үшінші қадамға өтіңіз. Енді оны толығырақ қарастырайық. Қажетті модуль 1С: Бухгалтерия 8 (Қазақстан үшін) бағдарламасына кіріктірілген, сондықтан қосымша өңдеулерді іске қосудың қажеті жоқ. Оны қосу үшін «Администрирование» бөліміне өтіп, «Общие настройки» тармағын таңдаңыз.
«Электронные счета-фактуры» қойындысын ашып, «Помощник настройки электронных счетов-фактур» сілтемесіне өтіңіз.
ЭСФ баптау терезесі ашылады. «Далее» түймесін басыңыз.
«Прямой обмен с ИС ЭСФ» тармағының жанына құсбелгі қойып, қайтадан «Далее» түймесін басыңыз.
Осы әрекеттерден кейін кілттерді орнату процесі басталады. Орнату сәтті аяқталса, жасыл құсбелгі шығады — бұл деректер алынғанын және қолдануға дайын екенін білдіреді. Келесі қадам — ИС ЭСФ-ке қосылымды орнату.
Жаңа пайдаланушы жасаңыз.
1. ЭЦҚ кілтін қосып, құпиясөзді енгізіңіз.
2. ЭСФ порталына арналған логинді (ЖСН) және құпиясөзді көрсетіңіз.
3. ИС ЭСФ-порталымен алмасу жүргізілетін кәсіпорынды қосыңыз.
4. «Далее» түймесін басып, жаңа пайдаланушыны құру шеберін жабыңыз.
Модульді баптау аяқталды. Тиісті қойындылар «Продажи» бөлімінде (ЭСФ выданные) және «Покупка» бөлімінде (ЭСФ полученные) пайда болады.


