1С базасын бұлтқа қалай жүктеу керек?
- Егер 1С *.dt экспорт файлының көлемі 2 ГБ-тан аспаса, базаны 42Clouds Жеке кабинеті арқылы жүктей аласыз.
- Егер выгрузка 2 ГБ-тан үлкен болса, базаны Конфигуратор арқылы жүктеңіз. «1С базасын Конфигуратор арқылы қалай жүктеу»
- Егер Сіз 1С:Fresh сервисінен бізге ауыссаңыз және 1С-тің data_dump.zip форматындағы экспорт файлы болса, осы нұсқаулықты орындаңыз «1С:Fresh сервисінен 42Clouds-қа қалай көшу»
- Егер Сізде тек *.1СD форматындағы файл болса, көмек үшін техникалық қолдау қызметіне жүгініңіз:
— телефон: +7 (727) 349-67-20, ішкі 911
— *******@******ds.com-kz»>su*****@******ds.com поштасына жазыңыз
— сайттағы чатқа жазыңыз немесе кері қоңырауға тапсырыс беріңіз.
Тәулік бойы көмектесеміз.
Жеке кабинет арқылы 1С-ді 42Clouds-қа қалай жүктеу?
Жеке кабинетке https://cp.42clouds.com кіріңіз, ары қарай Есептік жазбаларды басқару – Ақпараттық базалар – Базаны қосу.
Ашылған терезеде Файлдан конфигурация қойындысына өтіңіз. Содан кейін Файл *.dt қосу түймесін басып, базаңыздың .dt пішіміндегі экспорт файлын таңдаңыз.
Одан кейін база атауын тиісті өріске енгізіп, платформаны таңдаңыз (8.2 немесе 8.3). Файл жүктелген соң Базаны құру. түймесін басыңыз
Дайын! Енді Сіздің 1С-іңіз 42Clouds-та.

