Сенімхат жасау үшін “Сатып алу” бөліміне өтіп, “Сенімхаттар” тармағын ашыңыз.
Жаңа сенімхатты қалыптастыру үшін “Жасау” түймесін басыңыз.
Өрістерді толтырыңыз:
-
- “Әрекет күні” өрісі. Ол автоматты түрде “Сенімхат жасалған күні +10 күн” формуласымен толтырылады. Заңнамаға сай сенімхаттың қолданылу мерзімі әртүрлі болуы мүмкін болғандықтан, бұл өрісті қолмен өзгерте аласыз.
Назар аударыңыз: берілген күні көрсетілмесе, сенімхат жарамсыз болып есептеледі.
- “Жеке тұлға” өрісі. Сенімхат рәсімделетін қызметкерді көрсетіңіз. Жеке куәлік деректері баспа үлгісіне жеке тұлға карточкасынан, мәліметтер толтырылған жағдайда, автоматты түрде тартылады.
- “Контрагент” өрісі. Анықтамалықтан серіктесті таңдаңыз (не жаңасын құрыңыз). Сенімхат осы серіктеске материалдық құндылықтарды алу үшін ұсынылады.
Банк шоты мен шартты көрсетіңіз. Сенімхат берілетін материалдық құндылықтарды қосу үшін “Қосу” түймесін басыңыз.
“Басып шығару реквизиттері” түймесін басып, құжаттың баспа үлгісіне арналған қосымша ақпаратты көрсетіңіз.
Құжаттың баспа үлгісі “Басып шығару” түймесі арқылы қолжетімді. Осы жерден қажетті құжатты басып шығара аласыз.
“Сенімхат” құжатынан тікелей “Негізінде жасау” командасының көмегімен бірқатар құжаттарды қалыптастыра аласыз. Бұл құжаттардың кестелік бөлігі автоматты түрде толтырылады.




