1С: Бухгалтерия предприятия для Казахстана бағдарламасында валюта бағамдарын автоматты жаңартуды оңай баптауға болады.
Ол үшін “Банк и касса” бөліміне өтіңіз және “Валюты” тармағын таңдаңыз.
Қажетті валюта бойынша бағамды жүктеу үшін оның карточкасын ашып, “Загружать курс из Интернета” жалаушасын қойыңыз. “Записать и закрыть” батырмасын басыңыз. Осы әрекеттерді қолданылатын әр валюта үшін қайталаңыз.
“Валюты” анықтамалығына оралып, “Загрузить курсы” батырмасын басыңыз. “Загрузка курсов из Интернета” терезесі ашылады. Осы терезеде бағамдар жүктелетін кезеңді және валюталарды көрсетіңіз. 1С бағам деректерін ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтынан жүктейді.
Осы терезеде өзекті бағам жүктелетін кезеңді және валюталар тізімін көрсетіңіз.
Осы жерде бағамдарды автожаңарту кестесін баптай аласыз. Ол үшін “Расписание” батырмасын басыңыз.
Ашылған терезеде “Автоматически загружать курсы валют” жалаушасын қойыңыз. Жаңарту кестесін баптау терезесіне өтетін гиперсілтемеге өтіңіз. Бағамдарды жаңартудың уақытын және жиілігін көрсетіңіз. Баптауды аяқтаған соң “ОК” батырмасын басыңыз.
“Загрузить курсы” батырмасын басыңыз, бағдарлама базаңыздағы барлық валюталар үшін өзекті бағамдарды жүктейді. Келесі жолы жаңарту Сіз көрсеткен кесте бойынша автоматты түрде орындалады.




