Жаңартуды орнатпас бұрын барлық пайдаланушылар базадан шыққанын тексеріп, міндетті түрде сақтық көшірме жасаңыз. Link42 іске қосып, жаңартылатын базаны таңдаңыз да, оны «Конфигуратор» режимінде ашыңыз. Маңызды! 1С базасын тек Администратор құқықтары бар пайдаланушы ғана жаңарта алады.
Жаңарту файлын дұрыс таңдау үшін ағымдағы конфигурация релизін нақтылап алыңыз. Ол үшін «Справка» бөліміне өтіп, «О программе» тармағын таңдаңыз. Ашылған терезеде база туралы толық ақпарат көрсетіледі: конфигурация атауы, релиз және база орналасқан каталог.
Одан кейін «Конфигурация» бөліміне өтіп, «Открыть конфигурацию» тармағын таңдаңыз.
Сол бөлімде «Поддержка», кейін «Обновить конфигурацию» тармағын таңдаңыз.
«Обновление конфигурации» терезесі ашылады. «Выбор файла обновления» жанындағы ауысқышты таңдаңыз да, «Далее» батырмасын басыңыз.
1С базасына арналған жаңарту файлын таңдаңыз. «Внешние обработки (N:)» дискін ашып, «Обновления 1С» қалтасына өтіңіз. Тізімнен өз конфигурацияңызға арналған жаңартулар бар қалтаны тауып, ашыңыз. Біздің мысалда — 1С: Бухгалтерия для Казахстана. Осы қалтада жаңартулар тізімі көрсетіледі. Өз базаңыздың ағымдағы релизінен кейінгі файлды таңдаңыз. Мысалы, ағымдағы релиз 3.0.17.11 болса, келесісін таңдаңыз — 3.0.18.11.
Ашылған терезеде «Готово» батырмасын басыңыз.
Бағдарлама нұсқалары көрсетілген ақпараттық терезе ашылады. Жаңартуды жалғастыру үшін «ОК» басыңыз.
Бірнеше секундтан кейін тағы бір ақпараттық терезе ашылады, «Да» батырмасын басыңыз.
База конфигурациясын жаңарту процесі басталады, бұл біраз уақыт алуы мүмкін. Жаңарту сәтті аяқталған соң конфигурациядағы өзгерістер тізімі бар соңғы терезе ашылады. «Принять» батырмасын басыңыз.
Дайын, 1С базасы жаңартылды. Базаны 1С: Предприятие режимінде іске қосып, жұмысты жалғастырыңыз.
Егер қандай да бір себеппен жаңарту үдерісі үзіліп қалса, базаны 1С: Предприятие режимінде іске қосқан кезде мынадай хабар шығады: «Конфигурация базы данных не соответствует сохраненной». Бұл қателікті осы нұсқаулықтың көмегімен тез түзете аласыз.
Басқа қателер пайда болса, жаңарту алдында жасаған сақтық көшірмеден базаны қалпына келтіре аласыз. Базаны «Конфигуратор» режимінде іске қосып, «Администрирование» бөліміне өтіңіз, «Загрузить информационную базу» тармағын ашып, көшірме файлын таңдаңыз.










