1 — ші қадам. Кассаларды басқару үшін жұмыс орнын ашу
1С:WebKassa сервисінде тіркелген ұйым кассаларын басқару үшін 1С:WebKassa панеліндегі «Управление кассами» гиперсілтемесін пайдаланыңыз.
2 — ші қадам. Пайдаланушыны аутентификациялау
Алғаш рет «Управление кассами» формасына кіргенде, жүйе авторизацияны сұрайды:
- 1С:WebKassa сервисінде тіркелгенде (немесе ұйым/кассир тіркелгенде) берілген логин мен парольді енгізіңіз.
- Ағымдағы сессия кезінде енгізілген пароль сақталуы үшін «Запомнить пароль» жалаушасын қойыңыз.
Пайдаланушы аутентификациясынан кейін «1С:WebKassa» – «Управление кассами» формасы ашылады.
3 — ші қадам. Ұйым кассаларының тізімін қарау
Егер ұйым Webkassa сервисінде бұрын тіркелген болып, веб-нұсқада рәсімделген белсенді кассалары болса, онда «Управление кассами» бөлімінде қолжетімді кассалық аппараттардың толық тізімі көрсетіледі.
4 — ші қадам. Жаңа кассаны тіркеу
Жаңа кассаны қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
- Басқару панелінен «Добавление кассы – Регистрация новой кассы» командасын таңдаңыз.
Ашылған тіркеу формасында пайдаланушыға ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу (ИТС) белсенді жазылымы бар 1С бағдарламалық өнімінің тіркеу нөмірін көрсету қажет.
Касса деректері:
- Ұйым – жаңа касса тіркелетін ұйымды таңдаңыз;
- Уақыт белдеуі;
- ККМ үлгі түрі – АПК ККМ Webkassa 2.0 – с функцией передачи данных на ОФД;
- Кассаның орналасқан мекенжайы.
Егер ақпараттық базаға бұған дейін ККМ кассасын баптау орындалмаса, кассаны тіркеу формасында «Создать оборудование» белгісі орнатылады. Бұл жағдайда жүйеде автоматты түрде «АПК ККМ Webkassa 2.0 – с функцией передачи данных» атты жаңа қосылатын жабдық жасалады.
- Наименованные – пайдаланушы касса тіркелгеннен кейін автоматты түрде жасалатын жабдықтың атауын көрсетеді.
Егер қосылатын жабдық ақпараттық базаға бұрыннан жасалған болса, оны тіркелетін ККМ кассамен «связать» болады. Бұл үшін «Использовать существующую» командасын таңдап, ККМ касса ретінде бар қосылатын жабдықтың данасын көрсетіңіз.
Кассаны түпкілікті тіркеу үшін «Зарегистрировать кассу» түймесі қолданылады.
Тіркеу сәтті өткен соң касса «Управления кассами» формасында сериялық нөмірімен байланыстырылып көрінеді.
Сондай-ақ 1С:WebKassa сервисінде касса тіркелгеннен кейін қосылатын жабдықта 1С:WebKassa сервисінен алынған ККМ кассасының сериялық нөмірі сақталады.




