1. Жаңа пайдаланушылар — кассирлерді тіркеу
Кассир кассамен (немесе бірнеше кассамен) жұмыс істей алуы үшін оны 1С:WebKassa қызметінде тіркеу қажет.
Тіркеу тәртібі:
- 1С:WebKassa қызметінің баптауларында «Кассирлерді басқару» сілтемесіне өтіңіз.
«Кассирлерді басқару» бөлімінде «Кассирді тіркеу» батырмасын басыңыз.
- Ашылған «Кассирді тіркеу» формасында толтырыңыз:
- кассирдің негізгі деректері (Т.А.Ә., логин және т.б.);
- осы кассирге қолжеткізілетін кассаларды тізімнен таңдаңыз.
- Өзгерістерді сақтаңыз.
Кассирлердің қол жеткізу құқықтарын басқару
Тіркеуден кейін әкімші пайдаланушы кез келген сәтте кассирдің қол жеткізу құқықтарын өзгерте алады.
Өзгерту тәртібі:
- «Кассирлерді басқару» бөлімінде тізімнен қажетті кассирді таңдаңыз.
- «Қол жеткізу құқықтарын өзгерту» батырмасын басыңыз.
- Ашылған «Кассир құқықтарын басқару» формасында қолжеткізу беру қажет кассаларды белгілеңіз немесе таңдауды алып тастаңыз.
- Баптауларды сақтаңыз.
Пайдаланушының құпия сөзін ауыстыру
Қауіпсіздік үшін кассирдің құпия сөзін ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған.
Ауыстыру тәртібі:
- «Кассирлерді басқару» бөлімінде қажетті пайдаланушыны таңдаңыз.
- «Пайдаланушының құпия сөзін ауыстыру» батырмасын басыңыз.
- Құпия сөзді ауыстыру нұсқауларын орындаңыз.
«Кассирлерді басқару» бөлімінің негізгі мүмкіндіктері
- Бір не бірнеше кассаға қол жеткізуін көрсете отырып жаңа кассирлерді тіркеу;
- Қолданыстағы кассирлердің қол жеткізу құқықтарын икемді басқару;
- Кассир-пайдаланушылардың құпия сөзін жедел ауыстыру.




