Электрондық шот-фактураны жіберу тікелей және XML файлдары арқылы жүзеге асырылады. ЭСФ-ны «тікелей» жіберу жолдары:
«Отправить» пәрменін орындау кезінде. «Продажи» — Электронные счета-фактуры (выданные) қойындысына өту қажет.
Электрондық шот-фактураның өзінде «Отправить получателю через ИС ЭСФ» пәрменін орындау.
Жібергеннен кейін шот-фактураның күйі «Документ в очереди на обработку сервером» болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Мүмкін, дәл сол уақытта ИС ЭСФ серверіне түсетін жүктеме жоғары болған шығар. Ондай кезде бірнеше минут күтіп, «Обновить» түймесін басыңыз.
Кейде күйі «Документ помещен в очередь отправки…» болуы мүмкін. Мұндай жағдай шот-фактура ілініп қалған кезде болады: ол порталға әлі түспеген, әрі 1С-тен де шықпаған. Көріп тұрғаныңыздай, «Отправить» түймесі де жоқ.
Бұл жағдайда электрондық шот-фактуралардың тізіміне тікелей өтіңіз. Жоғарғы жағында «В очереди отправки находится … ЭСФ» сілтемесі пайда болады.
Сілтемеге өтіп, қажетті шот-фактураларды таңдап, «Повторить отправку выделенных ЭСФ» пәрменін басыңыз
Электрондық шот-фактура сәтті жіберілгеннен кейін оның күйі «Документ успешно принят сервером ИС ЭСФ» болып өзгереді, сондай-ақ оған ИС ЭСФ порталынан табуға болатын бірегей тіркеу нөмірі беріледі.
Бұл — ЭСФ-ны «тікелей» жіберу тәсілдері. Сонымен қатар файл арқылы жіберу нұсқасы да бар:
«Выгрузить в XML» пәрменін орындау кезінде. «Продажи» — Электронные счета-фактуры (выданные) қойындысына өтіңіз.
Электрондық шот-фактураның өзінде.
Одан кейін алынған XML-файлды ИС ЭСФ порталына жүктеу қажет.
Сұрақтарыңыз бар ма? Сарапшы қоңырауына тапсырыс беріңіз








