2025 жылға арналған өндірістік күнтізбе: 2025 жылы 106 демалыс күні және 13 мереке күні болады.
2025 жылғы қаңтарда Жаңа жылға 4 күн демаламыз – 1, 2, 3, 4 қаңтар, одан кейін 5, 6 қаңтар — жұмыс күндері. Рождество — 2025 жылы 7 қаңтар сейсенбіге сәйкес келеді, бұл тағы бір демалыс күні болады.
2025 жылғы наурызда демалыс күндерін ауыстыру болады: 8 наурыз сенбіге түседі, сондықтан 10 наурыз — қосымша демалыс, осылайша қазақстандықтар 3 күн демалады. Наурыз — 5 күн қатарынан демаламыз: 21–23 наурыз жұма, сенбі, жексенбіге түседі, сондықтан 24 және 25 наурыз — қосымша демалыс күндері.
2025 жылғы мамырда демалыс күндері: Қазақстан халқының бірлігі күні — 1 мамыр, бейсенбі; Отан қорғаушы күні — 7 мамыр, сәрсенбі; Жеңіс күні — 9 мамыр, жұма.
2025 жылғы маусымда Құрбан айт 6 маусым, жұма күніне келеді.
2025 жылғы шілдеде 3 күн демалыс болады, себебі Астана күні демалыс күніне сәйкес келеді.
2025 жылғы тамыз бен қыркүйекте 3 күн қатарынан демаламыз — 30 тамыз, Конституция күні, сенбіге түседі, сондықтан 1 қыркүйек — қосымша демалыс күні.
2025 жылғы қазанда — Республика күніне 3 күн демалыс.
2025 жылғы желтоқсанда — Тәуелсіздік күніне сейсенбіде 1 күн демалыс.