Белсенді 1С:WebKassa лицензиясы бар касса үшін 1С қызмет көрсететін серіктесті ауыстыру мүмкіндігі бар. Бұл әрекет «Смена партнера 1С» түймесі арқылы «Управление кассами» бөлімінде орындалады.
Серіктесті ауыстыру қолданушының бастамасымен жүзеге асырылады, мысалы, 1С серіктесі болып табылатын басқа ұйымға қызмет көрсетуді ауыстырған кезде.
1 — ші қадам. «Управление кассами» бөлімін ашыңыз
«Управление кассами» бөлігіне өтіп, серіктесті өзгерту қажет кассаны таңдаңыз.
2 — ші қадам. «Смена партнера 1С» түймесін басыңыз
Таңдалған касса үшін «Смена партнера 1С» түймесін басыңыз.

3 — ші қадам. Серіктесті ауыстыру шарттарын ескеріңіз
Қызмет көрсететін серіктес ауысқанда, касса лицензияның қалған бүкіл мерзімі ішінде жаңа серіктестің сүйемелдеуіне беріледі.
Егер ауысу кезінде қосымша лицензияны белсендіру қарастырылса, оның қолданылу мерзімі кассаның ағымдағы мерзіміне қосылады, соның нәтижесінде жалпы қызмет көрсету мерзімі ұлғаяды.
4 — ші қадам. Жаңа серіктестің келісімін алыңыз
Басқа 1С серіктесіне ауысу үшін оның кассаны қызмет көрсетуге қабылдауына келісім алу қажет.
Келісімді растау — серіктестің растау коды.
5 — ші қадам. Серіктестің растау кодын енгізіңіз
Тиісті енгізу өрісіне серіктестің растау кодын енгізіңіз.
Бұл код серіктестің жеке кабинетінде, 1С:WebKassa сервисінде орналастырылады және оны жаңа қызмет көрсетуші серіктес береді.
6 — ші қадам. Серіктесті ауыстыруды растаңыз
Растау кодын енгізгеннен кейін серіктесті ауыстыру рәсімін аяқтаңыз.
Енгізілген деректер дұрыс болып, жаңа серіктестің келісімі расталса, касса 1С жаңа серіктесінің қызмет көрсетуіне өткізіледі.
7 — ші қадам. Операция нәтижесін тексеріңіз
Рәсім сәтті аяқталғаннан кейін қызмет көрсететін серіктес туралы мәліметтер дұрыс жаңарғанына көз жеткізуді ұсынамыз.
Қате пайда болған жағдайда енгізілген растау кодының дұрыстығын тексеріп, әрекетті қайта орындаңыз.
