Бұл тауарларды таңбалауға қатысты барлық операцияларды біріктіретін орталық бөлім (хаб). Таңбалау есебіне кемінде бір тауар тобын қосқаннан кейін қолжетімді болады.
Қалай қол жеткізуге болады:
- Жүйенің негізгі бөлімдері арқылы: «Продажи», «Закупки», «Склад и доставка».
- Осы бөлімдерде таңбалау құжаттарына тікелей сілтемелер де пайда болады.
Жұмыс орнының құрылымы
Жұмыс орны бірнеше қойыншаларға (бетке) бөлінген, әрқайсысы өз тапсырма аймағына жауап береді.
1. Настройки и справочники
Бұл бет бастапқы баптау мен негізгі деректерді басқаруға арналған:
- Настройки интеграции с ИС МПТ: Модульдің жалпы баптауларына жедел қолжеткізу (опцияларды қосу, серверлерге қосылу, криптография).
- Ключевые справочники: Жұмысқа қажет анықтамалықтарға сілтемелер:
Виды номенклатурыНоменклатура(тауар карточкалары)Шаблоны этикеток(таңбалау кодтарын басып шығару үшін)Станции управления заказами(СУЗ)
2. Маркировка товаров
Мұнда таңбаланған өнімнің қозғалысын көрсететін барлық құжаттар жинақталған. Олар операция түрлері бойынша топтастырылған:
- Тауарқозғалыс құжаттары: сату, сатып алу, қайтару.
- Импорт/экспорт құжаттары: импорт және экспорт операциялары.
- Түгендеу құжаттары: қоймалық операциялар (шығынға жазу, кіріске алу, қайта таңбалау).
3. Станция управления заказами (СУЗ)
Бұл қойынша таңбалау кодтарының өмірлік цикліне арналған:
- Негізгі операциялар: тапсырыс беру, таңба қою, басып шығару және агрегация.
- Сервис: СУЗ жұмысына қатысты қосымша мүмкіндіктер.
4. Сервисные возможности
Бұл бетте жүйемен жұмысқа арналған көмекші құралдар орналасқан:
- Работа с балансом: ИС МПТ қатысушысының шотын бақылау және басқару (мысалы, кодтар үшін төлеу).
- Обработка файлов CSV: Үлкен деректер көлемімен жұмыс істегенде пайдалы болуы мүмкін CSV файлдарын біріктіру құралы.




