1С:WebKassa: «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4 – қосылатын жабдық

Жабдықты қосу және баптау формасы «Подключаемое оборудование» сілтемесі арқылы ашылады.

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

Жабдық баптауларын мәзір арқылы да ашуға болады:

«НСИ и администрирование» → «Администрирование» → «РМК и оборудование» → «Оборудование» → «Подключаемое оборудование».

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

Жабдықты қосар алдында баптау жүргізілетін жұмыс орнын таңдау қажет (пәрмендер тізімі «Подключение и настройка оборудования» формасындағы «Управление рабочими местами» түймесі арқылы).

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

«Выбор рабочего места» түймесін басқаннан кейін ағымдағы сеансқа тиесілі жұмыс орны көрсетіледі, сол жерден барын таңдап немесе жаңа жұмыс орнын жасай аласыз:

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

Ағымдағы сеанстың жұмыс орны кестелік бөліктің үстінде көрсетіледі. Жұмыс орны сілтемесіне өтсеңіз, осы жұмыс орнымен байланыстырылған жабдықты көресіз:

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

«Подключение и настройка оборудования» формасында пайдаланушы компьютерімен қосылған барлық жұмыс орындарындағы жабдықтың көрінуін баптауға болады («Все рабочие места» параметрі). Жабдықты жұмыс орындары бойынша топтау үшін «Группировать по рабочему месту» параметрі қарастырылған:

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

Жабдықты қосар алдында баптау формасында қосылатын жабдықтың түрін таңдау керек, не болмаса «Все типы оборудования» параметрін қойып, кез келген жабдық түрін әрі қарай баптау (және баптау формасында көрсету) мүмкіндігін ашуға болады:

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

Қосылатын жабдықтың данасын жасау

Бұрын жасалған касса үшін жаңа жабдық данасын жасау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

1 — ші қадам. «Создать» түймесін басыңыз

«Подключение и настройка оборудования» формасында кестелік бөліктің үстіндегі «Создать» түймесін басыңыз.

Осыдан кейін «Экземпляр подключаемого оборудования» формасы ашылады.

2 — ші қадам. Жабдықты пайдалану белгісін қойыңыз

«Устройство используется» жалаушасын қойыңыз.

Бұл параметр жабдықты оның баптауларын жоймай уақытша сөндіруге мүмкіндік береді. Жалаушаны алып тастасаңыз, жабдық тізімде қалады, бірақ пайдаланылмайды деп белгіленеді.

3 — ші қадам. Жабдық түрін таңдаңыз

«Тип оборудования» өрісінде тізімнен қажет түрін таңдаңыз, егер ол бұрын таңдалмаған болса.

Касса үшін әдетте алдымен «Фискальный регистратор» түріндегі жабдық жасалады.

4 — ші қадам. Жабдық драйверін көрсетіңіз

«Драйвер оборудования» өрісінде тиісті драйверді таңдаңыз.

Фискальный регистратор үшін мына драйвер қолданылады:

WebKassa: Фискальные регистраторы.

5 — ші қадам. Ұйымды таңдаңыз

«Организация» өрісінде фискальный регистраторға не басқа жабдыққа арналған ұйымды көрсетіңіз.

6 — ші қадам. Жұмыс орнын көрсетіңіз

«Рабочее место» өрісінде тізімнен қажет жұмыс орнын таңдаңыз.

Алғашқы іске қосқанда жүйе, әдетте, бір жұмыс орнын автоматты жасайды және оны әдепкі ретінде қолдануға болады. Жабдықтың барлық баптаулары дәл осы таңдалған жұмыс орнына байланады.

7 — ші қадам. Атауын тексеріңіз

«Наименование» өрісі бұрын енгізілген деректер негізінде автоматты толтырылады.

Қажет болса, оны қолмен өзгертуге болады.

8 — ші қадам. Сериялық нөмірді көрсетіңіз

«Серийный номер» өрісінде жабдық байланатын кассаның нөмірін көрсетіңіз.

9 — ші қадам. Жабдық данасын сақтаңыз

Қажетті параметрлердің бәрін толтырғаннан кейін жасалған жабдық данасын сақтаңыз.

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

Жабдық данасы жасалғаннан кейін «Настроить» түймесі дананың ішінен де, жабдықтар тізімінің кестелік бөлігінің үстінен де қолжетімді болады:

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

Бұл мүмкіндік чекті автоматты басып шығаруды баптауға жағдай жасайды: кәдімгі принтерге не чек принтеріне.

«Автоматическая печать чека» белгісін қойып, «Ширина ленты» мәнін 24 етіп орнатыңыз. Егер пайдаланушы чек принтерін қолданса, тиісті белгіні қойып, бұрын жасалған чек принтерін таңдаңыз:

1С:WebKassa сервистегі «Управление торговлей для Казахстана», ред. 3.4: қосылатын жабдық

Бірнеше жұмыс орны үшін жабдықты баптау

Жүйеде бірнеше жұмыс орны пайдаланылса, жабдықты әр жұмыс орны үшін бөлек баптау қажет.

Себебі қосу және баптау параметрлері нақты жұмыс орнына байлана отырып сақталады.

42Clouds бұлтындағы 1С-те қазірдің өзінде 10 000-нан астам компания жұмыс істейді

— 1С бойынша кеңес тегін!

— Техникалық сұрақтар бойынша 24/7 қолдау: чат арқылы, телефон арқылы, электрондық пошта арқылы

— Барлық типтік конфигурациялар онлайн, қолжетімділік RDP, Remote App, Web арқылы

Тағы қараңыз

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау

Өтінім қалдырыңыз. Жақын арада Сізбен хабарласамыз.

*түймені басу арқылы Сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз

Написать в WhatsApp