«1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана» — бухгалтердің жұмысын оңтайландыруға арналған тиімді құрал. Осы мақсатта конфигурацияда электрондық шот‑фактураларды (бұдан әрі — ЭСФ) жазып беру және қабылдау тетігі іске асырылған. Модульді пайдалану үшін бірнеше қарапайым қадам жеткілікті.
- Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін алыңыз. Оларды алдын ала өтінім бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) рәсімдеуге болады.
- Электрондық шот‑фактуралар ақпараттық жүйесінің порталында тіркеліңіз (https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login)
- Баптауды 1С базасының өзінде орындаңыз
Алғашқы екі тармақ — орындалса, үшінші қадамға өтеміз, оны егжей‑тегжейлі қарастырайық. Қажетті модуль «1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана»-ның құрамына енгізілген, сондықтан қосымша өңдеулер талап етілмейді. Оны қосу үшін «Администрирование»‑«Общие настройки» бөліміне өтіңіз.
«Электронные счета‑фактуры» – «Помощник настройки электронных счетов‑фактур» тармақтарын таңдаңыз.
ЭСФ баптауға арналған терезе ашылады. «Далее» түймесін басыңыз.
«Прямой обмен с ИС ЭСФ» жанына жалаушаны қойып, «Далее» басыңыз.
Осы әрекеттерден кейін кілттер орнатылады. Орнату сәтті өткенде жасыл құсбелгі көрсетіледі — бұл деректер алынғанын және пайдалануға дайын екенін білдіреді.
Енді ИС ЭСФ‑ке қосылуды орнатамыз.
Жаңа пайдаланушы құрамыз.
- ЭЦҚ кілтін қосып, құпиясөзді енгіземіз.
- ЭСФ порталына арналған логинді (ЖСН) және құпиясөзді көрсетеміз.
- ИС ЭСФ порталымен алмасу жүргізілетін кәсіпорынды көрсетеміз.
- «Далее» және жаңа пайдаланушыны құру шеберін жабуға болады.
Модуль баптауы аяқталды!
Қажетті қойындылар «Продажи» бөлімінде (ЭСФ выданные) пайда болды
және «Покупка» бөлімінде (ЭСФ полученные)
Жұмысқа бәрі дайын!