1С Онлайн тарифін таңдаймыз

мақала суреті

1С үшін бұлтты таңдағанда нені ескеру керек?

Сіз 1С-ті бұлтта қолданамын деп нақты шештіңіз. Ендігі қадам – провайдер мен тарифті таңдау. Қарапайым көрінгенімен, олай емес. Нарықта бұлттық қызмет ұсынатын компания көп. Әрқайсысында кемінде 3 тариф бар. Таңдау эпопеясы бір аптаға, тіпті бір айға созылып кетуі мүмкін. Дайындығы жоқ адам үшін компаниялар мен тарифтердің жалғыз айырмасы – баға болып көрінеді. Қалай қателеспей, біржола сенімді провайдерді таңдауға болады? Талқылайық.

Ең алдымен — 1С-ке қосылу түріне назар аударыңыз

Негізі, тарифтегі ең маңыздысы – осы. Бұлттағы 1С-ке қосылудың 3 негізгі тәсілі бар: RDP (Remote Desktop Protocol), Remote App және Web. Қарапайым тілмен айтқанда:

  • RDP (Remote Desktop Protocol) – тек 1С бағдарламасына емес, тұтас қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу. Мұнда 1С-пен қатар офистік бағдарламалар, браузер, бұлттық диск және т.б. болуы мүмкін.
  • Remote App (қашықтағы қолданба) – тек 1С-ке қосылу. Көрнекі түрде 1С сіздің компьютеріңізге орнатылғандай көрінеді.
  • Web – браузердегі сілтеме арқылы 1С-ке кіру. Жаңалықтар сайтын немесе Instagram бетіңізді ашқандай оңай кіресіз.

Көбіне RDP мен RemoteApp бір тарифте бірге беріледі. Әдетте мұндай тариф Web-тен қымбатырақ, себебі мүмкіндіктері көбірек. Егер құжаттар мен файлдарға арналған диск және MS Office пакеті бар толыққанды бұлттық жұмыс орнын қажет етсеңіз, RDP бар тариф – сізге лайық. Ал тек 1С бағдарламасын және сауда жабдығын қосуды қаласаңыз, Web тарифін таңдаңыз: әрі тиімді, әрі міндеттер шешіледі.

Тағы бір маңызды жайт!

Егер интернетіңіз баяу болса, RDP-қосылуы бар тарифті еркін таңдаңыз. Дәл RDP Интернет жылдамдығы төмен кезде де жайлы режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Саяжайдағы ескі 3G-модеммен жеке тәжірибеде дәлелденген.

Техникалық қолдауды тексеріңіз

Бұл тіпті қосылу түрінен де маңызды. Маманның жауап беру жеделдігіне қараңыз: кеңесшілер қаншалық жылдам қоңырауға жауап береді, хаттарға және чаттағы хабарламаларға қаншалық тез оралады. Ақау бәрінде болады, ал мәселелерді шешу жылдамдығы – әр компанияда әртүрлі. Егер сіз бухгалтер болсаңыз, бір-екі сағат күте аласыз. Ал сауда компаниясында бәрі басқаша: бағдарлама істемей тұрған 15 минут тоқтау да мыңдаған теңге шығын әкелуі мүмкін.

Қор көшірмелерін сақтау мерзімін салыстырыңыз

Көпшілік бұлт провайдері тәулігіне 1 рет резервтік көшіру жасайды, ал көшірмелердің сақталу мерзімі әртүрлі: бірінде – 3 күн, бірінде – 7 күн. Көшірме неғұрлым ұзақ сақталса, қате болған жағдайда базаны қалпына келтіру ықтималдығы соғұрлым жоғары.

Дискідегі орын көлеміне назар аударыңыз

Бұл 1С-тің бірнеше базасымен жұмыс істейтін компаниялар үшін маңызды, мысалы бухгалтерлік сүйемелдеу қызметін көрсететіндер үшін. Базалар қанша көп болса, сонша көп орын керек, әрі олар уақыт өте келе өседі. Мысалы, таза бухгалтерия 0,4–0,6 ГБ алады, номенклатурасы және толық адрес классификаторы бар база – 2,5 ГБ.

Бұлтқа қойылатын қосымша талаптарды айқындаңыз

Мұнда әркімнің талабы әртүрлі: біріне қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату керек, екіншісіне – базаға мобильді қосымша арқылы қосылу, үшіншісіне – қызметкерлер үшін базаларға қолжетімділік құқықтарын баптау маңызды. Бұл міндеттерді шешудің сапасы мен құны әр компанияда әрқалай болады.

Қорытынды: бәрін түсіну үшін тесттен өткізіңіз. Дұрыс шешімді осылай ғана қабылдай аласыз.

Мазмұн
1С базаларыңызды тегін көшіріп, синхрондап береміз

1С Бұлтқа көшіңіз, базаларыңызды тегін көшіріп, араларында синхрондауды баптап береміз. Конфигурацияларыңыз әрдайым бір толқында болсын!

0 0 дауыс
Рейтинг
0 пікірлер
Алғашқылары Сортировка
Жаңалары Танымалдар
Мәтін аралық кері байланыс
Барлық пікірлерді қарау

Өтінім қалдырыңыз. Жақын арада Сізбен хабарласамыз.

*түймені басу арқылы Сіз жеке деректерді өңдеуге келісім бересіз