
Шын мәнінде «ИӘ»-ға айналатын 3 «ЖОҚ»
Соңғы бірнеше жылда 1С-ті бұлтқа көшірудің «жақтастары» мен «қарсыларының» уәждері соншалық көбейді, оларды түгел тізіп шығуға бірнеше сағат кетеді. Қымбат, баяу жұмыс істейді, қауіпсіз емес, қолайсыз — тағы да бұлтқа неге көшпейміз дейтін себептердің сан түрі.
7 жыл бұлттық технологиялар нарығында жұмыс істегенде, 42Clouds жобасының командасы клиенттердің қарсылықтарының үлкен тізімін жинады. Бірақ, негізі, бухгалтерлер мен басшыларды мазалайтын сұрақтар бірдей, тек қырынан әртүрлі қойылады.
Сіз де, Сізден бұрынғы мыңдаған 1С пайдаланушысы сияқты, 1С-пен онлайн-режимде жұмыс істеуге көшуге тұрар-тұрмасына күмәнданып жүрсіз бе? Ыңғайланып отырып, осы мақаланы оқып шығыңыз. Дәлелдеріміз Сізге жеткіліксіз көрінсе, бұлтқа көшу мәселесін телефон арқылы немесе жеке кездесіп, бір кесе кофе үстінде қуана талқылаймыз.
Бұлтта жұмыс істемеймін — қымбат
Олай емес. 1С: Бухгалтерия ПРОФ пен ИТС-тің 1 пайдаланушыға арналған құнын біздің тарифтермен салыстырыңыз.
Айтпақшы, қосымша ретінде бұлттық сервистің барлық артықшылықтарын аласыз. Міне, солардың кейбірі:
- кез келген құрылғыдан қол жеткізу. Жұмыс станциялары санына шектеу жоқ, тіпті күн сайын әртүрлі құрылғылардан жұмыс істей аласыз;
- тәулік бойы техникалық қолдау. Мамандар 24/7 байланыста: сайттағы чат, пошта, кері қоңырау, Telegram — Сізге ыңғайлы кез келген арна;
- бірнеше базаға бірдей жұмыс істеу мүмкіндігі. Жұмысқа қажет барлық базалар бір аккаунтта орналасады.
Бұлтта жұмыс істемеймін — сенімсіз: базамды бүлдіріп қоясыз, салық қызметі алып қояды, бәсекелестер ұрлап кетеді… тағысын тағы
Сіздің дерекқорларыңыз TIER III деңгейіндегі қорғанысы бар деректер орталығында физикалық тұрғыда сақталады. Базаңызға кесірі тию тәуекелі барынша төмендетілген. Деректер шифрланған арналар арқылы беріледі, шифрлеу деңгейі мобильді банкингтегімен бірдей. Базаға тек аккаунт әкімшісі ғана қол жеткізе алады: ол өзге қызметкерлерге рұқсаттарды өзі белгілеп, әр пайдаланушыға шектеулер қояды. Бұдан қауіпсізі — 1С серверін орбитаға шығарып, ХҒС-тен қосылу ғана шығар.
Бұлтта жұмыс істемеймін — баяу, кідіріс көп
1С-тің бұлттағы жайлы жұмысы көбіне интернет қосылымының сапасына байланысты. Көпшілігі ойлағандай, басты талап — жылдамдық емес, арнаның тұрақтылығы. Бұлтта 1С-пен жұмыс істеудің ең төменгі жылдамдығы — 512 Кбит/с.
Интернетіңіз дұрыс, бірақ база әлі де баяу болса, оны түзетудің 2 тәсілі бар:
- Қосылудың басқа әдісін таңдау, мысалы, WEB-тен RDP-ге ауысу
- Базаны SQL-ге көшіру
P.S. Сұрақтарыңыз болса, пікірде жазыңыз — бірге шешімін табамыз.