1С Бұлт туралы 7 миф

Басшылыққа бұл тиімді, ал бухгалтерге — қолайлы екенін қалай сендіреміз.
Бәріміз білеміз: әлем тоқтамайды, бәрі Прогреске бағынышты. Күн сайын БАҚ-та, достар мен таныстардан жаңа iPhone-ның шығуы, Марсқа ұшатын аппараттар, медицинаның жасанды бүйректі имплантациялай бастауы жайлы естиміз.
Бірақ бізге жақынырақ, өз саламыздағы прогресс туралы айтайық. Қазір бухгалтерлік есепті автоматтандыруды және жеңілдетуді көздейтін қызмет танымал. Ол «1С Бұлт» деп аталады (кейде «1С-ті жалға алу» немесе «Бұлттағы 1С» деп те айтылады; қалай атасаңыз да, мәні өзгермейді). Көпшілігі үшін бұл — жаңа дүние, ал жаңаны бірден қабылдай бермейді, сондықтан белгісіздікке қатысты негізгі қорқыныштарды сейілтіп, сервисті барлық оң қырларымен сипаттап өтейік.
«1С Бұлт» сервисі Сізге интернет арқылы кез келген құрылғыдан қашықтағы сервердегі 1С-ке қол жеткізуге мүмкіндік береді; шығын — минимум, ең бастысы — 1С-ті сатып алып, жергілікті орнатудың қажеті жоқ. Сондай-ақ өз инфрақұрылымын қолдау мен жеке IT-мамандарын ұстау сияқты мәселелерді ұмытасыз. 1С бағдарламаларын жаңарту мен баптау Сіздің басыңызды қатырмайды. Сізге қажетінің бәрі – компьютер/ноутбук/планшет және интернетке қосылу.
«1С Бұлт» артықшылықтары:
- 1С сатып алумен салыстырғанда қаржылық шығындар минимум;
- тәулік бойы қолжетімділік және техникалық қолдау;
- бұзудан толық қорғаныс және резервтік көшіру;
- әр қалада орналасқан компаниялар мен филиалдарға қашықтан қолжетімділікті ұйымдастыру мүмкіндігі;
- қорғалған дерек беру протоколы арқылы жұмыс;
- интернет бар кез келген нүктеден планшет, ноутбук, компьютер немесе мобильді телефоннан базаға қолжетімділік;
- жүйені тегін жаңарту;
- провайдердің қуатты серверлері 1С-пен жоғары жылдамдықты жұмысты қамтамасыз етеді.
Бастапқыда уәде еткеніміздей, енді «1С Бұлт» сервисімен жұмыс істеуге қатысты мифтерді жоққа шығарамыз. Бұл 7 «миф» тізімін біз клиенттермен сөйлесу тәжірибемізден жинадық. Бастайық.
Миф №1. Клиент кеткенде «1С Бұлт» провайдерлері ақпаратқа қолжетімділікті бұғаттайды. Бұл — жалған. Біздің қағидатымыз – «Ең жоғары еркіндік». Клиент бізбен әрмен қарай жұмыс істеуді де, тоқтатуды да өзі шешеді. Кез келген уақытта 1С пен барлық ақпаратты серверімізден жергілікті компьютерге немесе басқа жерге жүктеп алуға болады. Сондай-ақ клиент бұлтқа қолжеткізуді қалпына келтіруді шешсе, бізге оңай «қайта орала» алады.
Миф №2. Қашықтан қолжетімділік қауіпсіз емес, ақпарат ағып кетуі мүмкін. Біз клиенттерді және олардың аккаунттарын қорғаймыз. Логин мен құпиясөзді клиенттің өзі тағайындайды және оларды күніне тіпті 5 ретке дейін өзгерте алады. Бұған қоса, мәліметтерге қол жеткізу үшін шифрланған дерек арналары мен қорғалған htpps протоколын қолданамыз. Қауіпсіздік пен деректерді қорғау – біздің міндетіміз. Екінші жағынан, қазіргі технология, алаяқтар мен хакерлер заманында Сіз жергілікті 1С-тің қауіпсіздігіне және ешкім Сіздің компьютеріңізден деректерді көшіріп алмайтынына қаншалық сенімдісіз?
Миф №3. Бұлтта жұмыс істеу қиын, көп нәрсені жаңадан үйрену керек. Әр адам да, әр компания да жаңаны әрқалай қабылдайды, сондықтан біржақты жауап жоқ. Айтарымыз: бұлттағы 1С жергілікті 1С-тен еш айырмасы жоқ, керісінше пайдаланушыға қосымша артықшылықтар береді.
Миф №4. Бұлттағы 1С-ті жетілдіру мүмкін емес. Жартылай шын. Бірақ бұл тек өзіңіз жасағыңыз келсе және «Веб» тарифінде болғанда ғана шындық, өйткені бұл жағдайда пайдаланушыда 1С конфигураторына қолжетімділік болмайды. Басқа жағдайларда – болады. RDP немесе RemoteApp режимінде жұмыс істегенде клиенттер өздері немесе біздің әзірлеушілер мен бағдарламашылардың көмегімен бағдарламаны өз қажетіне сай бейімдеп, қажетті өзгерістер енгізе алады.

Миф №5. Бұлттағы диск кеңістігі қымбат. Олай емес. Жалдау аясында біз 10Гб диск кеңістігін береміз, ал бұл бірнеше базаны және жұмысқа қажет файлдардың бәрін орналастыруға жеткілікті. Егер бұл жеткіліксіз болса, клиент қосымша көлемді 1Гб-тан бастап қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Миф №6. Төлем кешіксе, провайдер қолжетімділікті бұғаттайды, ал деректер өшіріледі және/немесе иемденіледі. Тағы да — жалған. Біз «Уәде етілген төлем» қызметін қолданамыз, оның аясында клиент «кредиттік қаражат есебінен» қолжетімділігін 7 күнге ұзарта алады. Осы мерзімде төлем жасап, сервисті әрі қарай пайдалана беруге болады. Егер клиент бұл 7 күндік мерзімді де өткізіп алса, сервистің қолжетімділігі бұғатталады (тоқтатылады) және төлемнен кейін деректер жоғалмай қайта қосылады. Қоғамдық оферта шартына сәйкес, дерекқорлар аккаунт төленбесе де 45 күн сақталады. Дерекқорды кез келген уақытта клиенттің құрылғысына жүктеп алуға болады.
Миф №7. Жергілікті 1С бұлттағыдан әлдеқайда арзан. Бұл — ең басты миф. Біз оны қуана жоққа шығарамыз. Мұны 1С-ті жалға алу мен оны сатып алудың шығындарын салыстырмағандар айтады. «Жалаң» есептеуде көптеген ілеспе шығындар ескерілмейді: өз ІТ-инфрақұрылымын сатып алу және күтіп ұстау (ДК/серверлерді сатып алу, оларды ұстау, жөндеу, тұрақты жаңарту, жүйелік әкімші қызметінің ақысы), жаңартуларға жұмсалатын шығындар (ИТС-жазылымды сатып алу). Бұл шығындардың тек айсбергтің ұшы ғана, ал 1С-ті жалға алу аясында олар нөлге тең. Бұған өзіңіз көз жеткізіңіз: тарифтерімізбен осында танысыңыз.
Одан да тиімдісі — мұны іс жүзінде байқап көріңіз: 1С-ті бұлтта 7 күн бойы тегін тестілеп, сервистің барлық артықшылықтарын бағалаңыз)