
Жыл сайын 1С бағдарламалық өнімдері желісі тауарға лық толы үлкен қоймаға ұқсап барады. 1С-тен хабары бар мамандар бизнесінің қажетіне сай шешімді таңдай алса, алғаш рет 1С таңдауға келген адамдар әдетте дұрыс шешімге келу үшін көп уақыт пен күш жұмсайды.
Сізге ыңғайлы болсын деп, 1С таңдағанда назар аударуға тиіс жайттарды шағын чек-параққа жинадық.
Қайсысы маңызды: басқарушылық есеп пе, бухгалтерлік есеп пе?
Толыққанды бухгалтерлік есеп жүргізу үшін ең қолайлы нұсқа — 1С: Бухгалтерия 8. Оның функционалы тұрақты есептілікті дайындау, салық есебін және компанияның өзге қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу қажеттіліктерін қамтиды. Егер бизнес табысы үшін жедел басқарушылық есеп маңыздырақ болса, 1С: Комплексная автоматизация таңдаған дұрыс. Конфигурация ауқымды, бірақ қажеттінің бәрі бар. Балама ретінде 1С: Управление торговлей қарастыруға болады.
1С-пен қанша пайдаланушы жұмыс істейді?
Бұл сұрақ бағдарламаның түпкі құнын анықтау үшін керек. Егер бағдарламамен кемінде 2 пайдаланушы жұмыс істейтін болса, ПРОФ нұсқасын сатып алып, ИТС үшін қосымша ақы төлеу қажет. Мұндай жағдайда 1С Онлайн. сервисін пайдаланған дұрыс.
Шағын және орта бизнеске арналған 1С негізгі конфигурациялары
1C: Бухгалтерия для Казахстана
Бағдарлама бухгалтерлік есеп жүргізуге және салықтық есептілікті тапсыруға арналған, ҚР заңнамасына бейімделген. Бухгалтер бастапқы құжаттарды рәсімдеп, сатып алу мен сатуды есепке ала алады, еңбекақыны есептеп төлеуді жүргізеді, кадрлық және өндірістік шығындар есебін жүргізеді.
1С: Бухгалтерия для Казахстана бағдарламасының артықшылықтары:
- бір 1С ішінде бірнеше ұйымның есебін жүргізу мүмкіндігі;
- ҚР заңнамасына толық сәйкестік, стандартты бухгалтерлік есептер мен регламенттелген есептіліктің болуы;
- әмбебаптық – кез келген бизнес түріне жарамды.
1С: Управление торговлей для Казахстана
Бағдарлама сатуларды, сатып алуларды, қоймадағы қорларды, баға қалыптастыруды, клиенттермен қарым-қатынасты басқаруды жеңілдетеді. 1С: Управление торговлей кассир мен сауда өкілінің жұмыс орнын баптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шешімде компания жұмысына бақылау мен жоспарлау жасауға көмектесетін талдамалық есептер модулі бар.
1С: Управление торговлей для Казахстана бағдарламасының артықшылықтары:
- қаржылық есеп, сату, жеткізу және қойма қорларын автоматтандыру;
- сауда жабдығын жедел қосу;
- бухгалтерлік есеп жүргізу үшін 1С: Бухгалтерия бағдарламасымен оңай ықпалдасу.
1C: Управление нашей фирмой для Казахстана
Шешім кез келген саладағы шағын компанияларға арналған. Оның көмегімен сатып алу мен сатуды көрсетуге қажет құжаттардың бәрін рәсімдеуге болады. Сондай-ақ 1С: Управление нашей фирмой әртүрлі компаниялардың міндеттерін қамтиды: тапсырыс-нарядтар құру, қызметкерлер жүктемесін жоспарлау, өндірістік және қоймалық есеп жүргізу мүмкіндігі бар.
1С: Управление нашей фирмой для Казахстана бағдарламасының артықшылықтары:
- құрамдас CRM – клиенттермен жұмыс тарихы, кездесулер мен қоңырауларды жоспарлау әрдайым қолжетімді;
- кассаны жүргізу, кіріс/шығыс құжаттарын жасау;
- жалақы есептеу, төлем ведомостарын қалыптастыру.
Конфигурацияны таңдау және оны бұлтқа орналастыру бойынша көмек керек болса, мамандарымыз әрқашан көмектесуге дайын!